Түркия шекарасын ашты: туристерге қандай талап қойылады?

Түркия шекарасын ашты: туристерге қандай талап қойылады?

Түркия шекарасын ашты: туристерге қандай талап қойылады?
ашық дереккөзі
11 маусымнан бастап Түркия өз азаматтарының және шетелдіктердің елге кіріп-шығуына рұқсат берді. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады. Мұндай шешім ел президенті Реджеп Тайып Ердоған басшылығымен өткен Министрлер кабинеті отырысынан кейін қабылданды. Әуе тасымалы денсаулық сақтау, сыртқы істер және көлік министрліктерімен бірлесіп үйлестіріледі. Түркияға келген түрік және шетел азаматтары медициналық тексерістен өтеді. Жаңа жарлық елдің барлық провинцияларына жіберілді. Соңғы дерек бойынша, Түркияда коронавирус жұқтырғандар саны 174 мыңнан асты. Өткен тәулікте 987 адамнан індет анықталған. Пандемия басталғалы елде 4763 науқас көз жұмған. Джонс Хопкинс университетінің дерегі бойынша, әлемде 7,5 миллионнан аса адамнан қатерлі вирус анықталды. Індеттен дүниежүзінде 421 мыңнан астам адам қайтыс болды. Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалға келсек, елімізде соңғы тәулікте 314 адамның коронавирусқа шалдыққаны белгілі болды. Індет жұқтырғандардың жалпы саны - 13872.