Жаңалықтар

COVID-19: Пекинде екі айдан бері алғаш рет індет жұқтыру дерегі тіркелді

ашық дереккөзі

COVID-19: Пекинде екі айдан бері алғаш рет індет жұқтыру дерегі тіркелді

Пекинде 56 күннен кейін алғаш рет коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелді. Індет соңғы екі аптада қаладан шықпаған 52 жастағы азаматтан анықталған. Бұл туралы Сичэн провинциясы басшысының орынбасары Мяо Цзяньхун баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости. "Сичэн провинциясында тұратын Тан есімді азамат 10 маусым күні жергілікті ауруханаға жоғары дене қызуымен жүгінген. Ол өзін әлсіз сезініп, жөтеле бастаған, кеудесінде қысым байқалған. Соңғы екі аптада тұрғын Бейжіңнен шықпаған және сырттан келгендермен байланысқа түспеген", - дейді Мяо Цзяньхун. Науқастың отбасының екі мүшесі де ауруханаға жатқызылып, бақылауға алынған. Қала тұрғыны ауруды қайдан жұқтырғаны әзірге белгісіз. Тан ауруханаға барар жолда және ауруханада маскамен жүрген, бүгінде оқшауланып, Дитань медициналық мекемесінде ем қабылдауда. Мамандар Сичэн ауданындағы эпидемиологиялық жағдайды жіті бақылауға алды. Атап айтқанда, олар жұқтыру көзін қадағаланып, соңғы аптада шетелден немесе эпидемиологиялық қауіп деңгейі жоғары Қытай аудандарынан келгендердің барлығын тексеріп жатыр. Айта кетейік, әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 7,4 млн адамнан асып жығылды. Індет жұқтырғандар саны жөніне АҚШ көш бастап тұр. Елде 2 миллионнан аса адам коронавирусқа шалдыққан. Ал әлемдік антирейтингте Бразилиядан кейінгі үшінші орында тұрған Ресейде қатерлі вирус жұқтырғандар саны жарты миллионнан асты.