COVID-19: Теміртау қаласының әкімі індеттен айықты

COVID-19: Теміртау қаласының әкімі індеттен айықты

COVID-19: Теміртау қаласының әкімі індеттен айықты
ашық дереккөзі
Коронавирус жұқтырған Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов дертінен айықты. Бұл туралы қала әкімінің міндетін атқарушы Мирас Құттыбай мәлімдеді. «Ғалым Әбіханұлына жасаған соңғы ПТР тест теріс нәтиже көрсетті. Жақын арада ол өз қызметіне кіріседі деп үміттенеміз», - деді М.Құттыбай.