Жаңа заң: Бұдан былай елімізде жала жабу қылмыс деп танылмайды
Жаңа заң: Бұдан былай елімізде жала жабу қылмыс деп танылмайды
Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық өндірісті және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екінші оқылымда қабылдады.
Халық қалаулылары қабылдаған заң жобасына сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің «Жала жабу» деп аталатын 130-бабы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ауыстырылатын болды.
«Заң жобасымен барлық тараптар үшін мәжбүрлі түрде орындау жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігі артатын болады. Заң жобасына енгізілген нормалар жеке сот орындаушының ағымдағы есепшотында өндіріп алушының пайдасына өндірілген ақша қаражатының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған»,- деді заң жобасын таныстырған сенатор Андрей Лукин.
Сонымен қатар, заңға сот орындаушыларының іс жүргізу әрекеттерін оңтайландыру, атқарушылық өндіріс жүйесіне цифрлық технологияларды енгізу, атқарушылық өндірістің жекелеген процедураларын регламенттеу және жақсарту бойынша түзетулер енгізілді.
Бұдан бөлек, жеке сот орындаушыларының қызметіне бақылау мен олардың жауапкершілігін күшейту бойынша да шаралар жетілдіріледі.
Айта кетейік, бұған дейін Сенаттың бүгінгі отырысында 4 заң қабылданғанын хабарлағанбыз.