Жаңалықтар

Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны жарты миллионнан асты

ашық дереккөзі

Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны жарты миллионнан асты

Өткен тәулікте Ресейде коронавирус жұқтырудың 8779 жаңа дерегі тіркеліп, індетке шалдыққандардың жалпы саны 502 436-ға жетті. Бұл туралы елдегі эпидемиологиялық ахуалды бақылау жөніндегі жедел штаб хабарлады.   Жаңадан тіркелген науқастардың 3235-і – бұрын ауырғандармен байланыста болғандар. Індеттің таралу қарқыны жөнінен Мәскеу көш бастап тұр. Соңғы тәулікте ел астанасында 1436 адамнан қатерлі вирус анықталған. Екінші орында – Мәскеу облысы. Аймақта бір күнде 724 адамның індет жұқтырғаны белгілі болды. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде елде 174 науқас көз жұмғаны хабарланды. Пандемия басталғалы Ресейде індеттен 6350 адам қайтыс болған. 261 150 адам емделіп шықты. Айта кетейік, әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 7,3 млн адамнан асып жығылды.  Вирус құрбандарының жалпы саны – 416 201. Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалға келсек, елімізде өткен тәулікте 239 адамнан коронавирус анықталып, індет жұқтырғандардың жалпы саны 13558-ге жетті. Науқастардың 67-сі көз жұмды.