Атырау облысында жоғалып кеткен баланың денесі табылды
Атырау облысында жоғалып кеткен баланың денесі табылды
Атырау облысында жоғалып кеткен баланың денесі табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
11 маусымда 01:56 Атырау қаласы, Еркінқала-2 кентінде 2009 жылы туған кәмелетке толмаған баланы іздестіру жұмыстары жүргізілді, ол 10 маусым күні сағат 18:00-де велосипедпен кетіп, із-түзсіз жоғалып кеткен.
Ауданның барлық төңірегі тексеріліп, жергілікті тұрғындардан сұрастырылды. Сол күні таңертең кинологиялық есеппен Орал өзенінің жағалауынан велосипед пен баланың заттары табылды.
Сағат 8:10-да Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының бес қызметкері, бір бірлік техника, бір кинологиялық есеп және бір жүзу құралымен суға кеткен баланың денесі суға түсуге жабдықталмаған жерде судан шығарылды.