Өзгеріс Шерікбай: Қай қазақ болса да сүйіспеншілікпен қараймын (видео)

Сондай-ақ!

Исламбек Салжанов: Қайырымдылық және еріктілікпен айналысатын мекемелер құруымыз қажет

Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қайырымдылық және еріктілер – ұлттық мәдениетінің бір бөлігі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясында «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорының қамқоршылар...

Ертісбаев оппозицияны сынға алды

Биыл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік оппозиция мәртебесін заң жүзінде бекітті. Атап айтқанда, билеуші партия өкілі саналмайтын, оппозициядан сайланған депутаттарды парламенттік тыңдауларда да, бірлескен...

Еліміздің қанша мұнай қоры бар?

Мұнай қоры бойынша әлем елдері рейтингінде Қазақстан 11-орында тұр. 10 айдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 6% - ға қысқарып, 61 млн тоннаны құрады. 2020 жылға...

Елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандары толығымен ақталады

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толығымен ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Отырыс барысында комиссия жұмысын...

Әнші Өзгеріс Шерікбайұлы Моңғолияның Баян-Өлгей айма­ғында дүниеге келген. Ол Өнер университетінің түлегі, бірнеше халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы. Атап айтсақ, Естай Беркімбайұлы атындағы республикалық ән бай­қауының бас жүлдегері, Тұрсынғазы Рахимов атындағы байқаудың бірін­ші орын иегері, халықаралық «Мен қазақпын» мега жобасының фи­налисі, Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы республикалық бай­қаудың бас жүлдегері. Тізе берсек, атажұртқа арман қуып, аманат ар­қалап келген қандасымыздың жетістігі аз емес. Өнерлі өрен Өзгерістің ша­ғын сұхбатын оқырман назарына ұсынамыз.

 – Өзгеріс! Сирек кездесетін ерекше есім екен…

– Рас, мен туған жылы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында ел есінде қалар көп айтулы өзгерістер болған екен. Коммунистік жүйе тарап, нарық басталды. Баян-Өлгей қазақтарының бір жартысы атамекенге дүркірей көшті. Сол жылдарда келген өзгерістерімен бірге дүниеге келген менің есімімді ата-апам (ата-әже) «өзгеріс заманында туған, болашақта өзінше өзгеріс болсын» деп жақсы ырымға балап, атымды Өзгеріс қойыпты. Балалық шағым атам мен әжемнің қолында қырда өтті. Қозы жайып, мал төлдетіп, бес түлік малдың қыр-сырын біліп, көшпелі қазақ шаруашылығына бейімделіп өстім десем де болады. Қазір сол бір қазақы исі аңқыған тіршілікті, ата мен әженің құшағында еркелеп өскен бұла шақтарды, асыр салып өскен кең даланы жиі сағынамын.

– Әкең Шерікбай Ұнатұлы аты жұртқа мәлім әнші болды. Ал өзің әке бойынан үлгі тұтатын қандай қасиетін айтасың?

– Иә, әкеміз бала кезінен құймақұлақ  қағылез болып өсіпті. Атамның және ұлы әжемнің (атамның  анасы) әкем жайлы айтқан естеліктері өте көп. Әкем жалпы көп сөйлемейтін тұйық болыпты. Ал көк жорғасын мініп тауда жүрсе айғайлап тауды жаңғыртып ән салады да, үйге келсе мылқау болып қалатын деп қылығына таңғалып отырады екен үлкендер жағы. Тәрбиесі ерекше еді, хат танымайтын кезімде ертегі кітаптар көп оқып беретін. Кейін сабаққа барып өзім оқи алатын деңгейге жеткенде, маған кітаптар әкеліп «оқы» деп  тапсыратын. Сосын арасында «ұлым айтып берші, не жайлы жазылыпты?» деп әңгімелесетін. Ешқашан  ұрысып сөйлемейтін. Қатты ренжіп қалған кезде «оның не?» деп қас-қабағымен ғана ұялтып жіберетін. Әке мен бала арасындағы үлкен мәмілені асқан шеберлікпен аз уақытта ғана орнатып үлгерген еді. Мен әкемнің кеңдігін бағалаймын, шексіз жомарттығына таңғаламын. Әкем жайлы айта беру маған ауыр…

– Естуімізше, өнеріңе тәнті болған жанашыр азаматтар өзіңді Баян-Өлгейден арнайы шақыртып, оқуға түсудің уақыты өтіп кетсе, жоғары оқу орнына қабылдатыпты. Осы жайында таратып айтып берсең.

– 2010 жылы мектеп бітірген жыл еді. Сол жылы Баян-Өлгей аймағының құрылғанына 70 жыл толған той болды. Оған Қазақстаннан көптеген ақын-жазушы, басқа да өнерпаздар келді. Мен ән салып жүрген бозбаламын. Той біткен соң мені Өскеменге шақыртып жатыр деді. Өскеменге ұшақпен келдім. Айтыскер ақын Өскемендегі Ұлан ауданының депутаты Нұртай Тілеужан ағаның үйіне түстім. Ертеңінде тағы бір бейтаныс кісімен жолықтық. «Сені  шақыртып, ал­дыртқан осы кісі» деп таныстырды Нұртай аға. Сөйтсем ол кісі Шығыс Қазақстан облысы Мәдениет басқар­масының бастығы Махмұт Тойкенов деген ағамыз екен. Танысып, мән-жайды білдік. Менің ән айтқанымды Баян-Өлгейде тыңдапты да, кездесуге уақыты болмапты. Артынан сұрастырып алдыртып отырғаны екен. «Қандай жоспарың бар? Кім болғың келеді?» деді. «Әнші болам. Алматыға барам, Рамазан Стам­ғазиев ағам шақырған, сонда барып оқимын» дедім. Сөйтсем, бәрінен кеш қалып қойыппын, Алматыдағы оқудан да. Сосын мені ШҚМУ-дың ректоры Бейбіт Мамырбаев пен қала әкімінің орынбасары Түсіпхан Түсіпбековке алып барды. Мен жайлы айтты. Ол кісілер де «бәрі кеш, емтихан аяқталып кеткен» деді. Сосын қоштасып кеткелі жатыр едік, Махмұт аға «Өзгерістің бір әнін тыңдап қалсаңыздар, қалай?» деді. Олар да келісе кетті. Сосын мен бір ән айтып бердім. Түсіпхан аға «арқамнан тоқ жүргізіп жібердің ғой» деп разы болды. Бейбіт аға да жылыды. Қатты разы болғанын, өнерді жақсы бағалайтынын түсіндім. Бейбіт аға мен үшін Баян-Өлгейге 25 грант ашамын деді. Жыл сайын ол жақтан 25 бала грантпен Өскеменге оқуға келетін шешім қабыл­дайтынын айтты. Мен солай Өскеменге филология мамандығы бойынша оқуға қабылдандым. Жыл сайын Баян-Өл­ейден 25 бала арнайы грантпен білім алып жатты. Өкінішке қарай, сол 25 грант былтыр жабылып қалды деп естідім.

– Әнші бойындағы талантын қалай шыңдайды? Өз ізденісің жайлы айта кетсең.

– Тарыдай таланты болмаса қанша еңбектенсе де ештеңе шықпайды деп ойлаймын. Таланты болып және оны ұштау үшін еңбектене білсе, нәтиже шығады деп білемін. Бағытынан, өзінің табиғи жүрісінен жаңылмау керек шығар. Өнерде бейсана болу керек деп ойлаймын. Саналы түрде өнерге жабысып алып, еңбектеніп жүргендерді де көріп жүрмін. Бірақ олар тумысынан кем талант болғандықтан, қисынсыз жерге пышақ ұрғандай болып тұрды. Асқар Сүлейменовтің  сөзі бар еді ғой, «Өнерде кемталант болғаннан бейталант болған жақсы. Бейталант – бейтарап. Ал кем­таланттың басын сұқпайтын жері жоқ. Өнерден бастап ділге дейін. Өзінің асүй­де капуста қыртылдатып турайтын пы­шақ қана екенін білмейді».

Редакция таңдауы

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Нұрсұлтан Назарбаев: Түркістанды дамыту – халқымыз үшін қасиетті парыз

Ұлы Жібек жолында мыңжылдық өркениеттерді тоғыстырған Түркістан – Ұлы даладағы ұлы өзгерістерге негіз болған қасиетті қала. Түркістан – ұлы ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен...
Қайрат Түнтеков

Сәкен Майғазиев Қайрат Түнтековке елден кетуге кеңес берді

Сәкен Майғазиев "Егіз лебіз" бағдарламасында қазылық етіп отырып, Қайрат Түнтековтың өнеріне баға...

Исламбек Салжанов: Қайырымдылық және еріктілікпен айналысатын мекемелер құруымыз қажет

Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қайырымдылық және еріктілер – ұлттық мәдениетінің бір...

Ертісбаев оппозицияны сынға алды

Биыл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік оппозиция мәртебесін заң жүзінде бекітті. Атап...

Еліміздің қанша мұнай қоры бар?

Мұнай қоры бойынша әлем елдері рейтингінде Қазақстан 11-орында тұр. 10 айдың қорытындысы бойынша...

Елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандары толығымен ақталады

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толығымен ақтау жөніндегі мемлекеттік...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...