Эйфель мұнарасы 25 маусымда ашылады
Эйфель мұнарасы 25 маусымда ашылады
Әлемдегі ең танымал сәулет туындыларының бірі – Эйфель мұнарасы 25 маусымда ашылады. Бұл туралы France хабарлады.
Әйгілі мұнара коронавирустың таралуын шектеу мақсатында енгізілген карантинге байланысты үш айдан астам мерзімге жабылған болатын.
Келушілер арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін мұнарадағы лифтілерді әзірге пайдалануға тыйым салынған. Қонақтар шығыс бағанадан көтеріліп, батыс бағанасынан түсіріледі.
Ғимараттың жоғарғы бөлігі әзірге жабық. Өйткені келушілерді екінші қабаттан жоғарғы қабатқа көтеретін лифтілер өте аз.
Мұнара әкімшілігінің мәлімдемесіне сүйенсек, адамдар белгіленген қашықтықта тұруы үшін еденге белгі салынады. Қонақтар маска киіп келуі керек. Күн сайын нысанда тазалау және дезинфекция жұмыстары жүргізіледі.
Айта кетейік, Франция – коронавирустан қатты зардап шеккен мемлекеттердің бірі. Елде 155 мыңнан астам адам індет жұқтырған. Науқастардың 29 мыңнан астамы көз жұмды.