Жаңалықтар

COVID-19: Голливуд кино түсірудің жаңа ережелерін жариялады

ашық дереккөзі

COVID-19: Голливуд кино түсірудің жаңа ережелерін жариялады

Коронавирус пандемиясына байланысты Голливуд кино түсіру тәсілдерін өзгерту туралы шешім қабылдады. Бұдан былай төсек қатынасына қатысты көріністер компьютерлік графикамен дайындалуы қажет немесе мұндай көріністерден бас тартуға тура келеді. The Sun басылымының хабарлауынша, америкалық кино және телеөндірісі 12 маусымда қайта жандануы мүмкін.  Киногерлер жұмыс орнында арақашықты сақтау ережелерімен танысты. Голливуд актерлер мен түсіру тобындағы адамдардың денсаулығын күнде тексеріп, санитарлық талаптарды қатаң сақтауы керек.  The Sun-ның жазуынша, Голливуд киноредакторлары қауымдастығы 22 беттік құжат дайындаған. Онда адамдардың жақын қатынасы туралы көріністер қайта жазылуы немесе алып тасталынуы керектігі айтылған. Ереже бойынша түсіру алаңында вирустан сақтану құралдары болуы қажет. Телешоулар көрерменсіз түсірілуі тиіс.