Жаңалықтар

Алматы маңында қоқыс полигоны өртеніп жатыр (видео)

ашық дереккөзі

Алматы маңында қоқыс полигоны өртеніп жатыр (видео)

Әлеуметтік желіде Алматы-Қапшағай тас жолын басқан қара қою түтінің видеосы жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, жолға жақын орналасқан күл – қоқыс полигоны өртеніп жатыр. https://www.instagram.com/p/CBQGQD2hGKV/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=embed_video_watch_again Алматы облыстық ТЖД мәліметінше, Іле ауданындағы қоқыс полигоны жанып жатыр. «2020 жылғы 10 маусымда сағат 14:26-да Алматы облысының ТЖД кезекші пультіне Іле ауданындағы «Алматы-Өскемен» тас жолының жанындағы тұрмыстық қалдықтар полигонының жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Алдын ала болжам бойынша өрт 3 га жерді шарпыған. Полигонның жалпы ауданы - 38 га. Соғып тұрған желде өрттің таралуына ықпал етуде. Қазіргі уақытта Алматы облысының ТЖД 16 өрт сөндірушісі мен 5 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, «АДК Таза– Әлем» ЖШС 30 жұмысшы және 2 техникасы көмекке келді. Жергілікті атқарушы органдардан 10 адам мен су таситын 2 бірлік тартылды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Өрт өршитін болса, «Қазавиаспас» АҚ тікұшағы тартылады.