Димаш Құдайберген БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілімен кездесті
Димаш Құдайберген БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілімен кездесті
Димаш Құдайберген БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің Қазақстандағы өкілі Властимил Самекпен кездесті.
Емен-жарқын әңгіме барысында олар алдағы уақытта да бірлесе жұмыс істеу жайын талқылады. Кездесуге сонымен қатар балалар құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саин қатысты.
Димаш БҰҰ қызметін белсенді жақтаушы, әлемдік #ООН75 (#UN75) диалогына қолдау көрсетуге дайын.
БҰҰ 75 жылдық мерейтойы өкінішке қарай, коронавирус пандемиясымен тұспа-тұс келіп отыр.
«ООН75» («UN75») кампаниясы қаңтарда құрылды. Мақсаты - жарқын болашаққа жетелейтін адамзатқа ортақ басымдықтарды анықтау.
Арнайы топ 75 жылдыққа орай бұрын-соңды ұйымдастырылмаған ең ірі жалпыхалықтық дискуссия өткізбек. БҰҰ адамдардың онлайн режимде де қарым-қатынасының үзілмеуіне баса мән береді, әсіресе қазіргідей қиын кезеңде бұл өзекті.