Жаңалықтар

Шекара асырылмақ болған 7 мың тасбақа тәркіленді

ашық дереккөзі

Шекара асырылмақ болған 7 мың тасбақа тәркіленді

Ресейге заңсыз жолмен 7 мың ортаазиялық дала тасбақасын алып өтпек болғандардың жолы кесілді. Тәркіленген бауырымен жорғалаушылар Оңтүстік Қазақстан аумағына жіберілді, деп хабарлайды КТК арнасы хабарлайды.

Контрабандалық жолмен шекара асырылмақ болған жәндіктер енді Арыс даласында мекен етпек. Заң бұзушылар тасбақаға одан әзірленетін дәмді сорпа үшін қызыққан. Әдетте еуропалықтар осы бауырымен жорғалаушының сорпасына құмар екені белгілі.

Үлкен жүк көлігімен Ресейге аттанып бара жатқан тасбақалардың ондаған жылдар өмір сүрген кәрісі бар, жуырда ғана жұмыртқа жарып шыққаны бар, жалпы саны – 7 мың. Сауыттарына әуелі қызыл бояумен ен салынып, одан соң арнайы кітапқа тіркелді. Содан соң ғана бостандыққа жіберілді. Бұл белгі біріншіден тасбақаға контрабандашылардың қайта ықыласы түспеуі үшін басылды. Екіншіден олардың арғы тіршілігін бақылап отыру үшін де қажет. Бір айдан кейін мамандар тасбақалардың жаңа ортаға қалай бейімделгенін тексеру үшін тағы келеді.

"Тасымалдау жақсы болғандықтан бірде-бір тасбақа өлген жоқ. Бәрі аман. Ауа-райы да өте қолайлы, ол енді дала тасбақасының биологиясына сәйкес қазіргі маусымда қолайлы болып тұр", - дейді  ОҚО орман және аң шаруашылғы аумақтық инспекциясының бөлім бастығы Болат Құдайбергенов.