COVID-19: Түркіменстан Орталық Азиядағы ең қауіпті аймақ деп танылды
COVID-19: Түркіменстан Орталық Азиядағы ең қауіпті аймақ деп танылды
Орталық Азия елдерінен Қазақстан 71-орында, Қырғызстан — 108, Өзбекстан — 121, Тәжікстан — 124, Түркіменстан 131-орында тұр. Рейтинге сәйкес, эпидемиологиялық жағдай бойынша ең қауіпсіз аймақтар — Швейцария, Германия, Израиль, Сингапур және Жапония. 200 елдің ішіндегі ең соңғы орындарда Либерия, Ауғанстан, Чад, Мали, Руанда және Оңтүстік Судан тұр. Deep knowledge group 130 көрсеткіш бойынша зерттеу жүргізген. Түркіменстан билігі елінде COVID-19 вирусы анықталмады деп мәлімдеп келеді әрі ДДСҰ-ның пандемияға байланысты талаптары орындалмай тұр. Бірақ соған қарамастан АҚШ Түркіменстанға коронавируспен күресу үшін 1,42 миллион доллар бөлді. ДДСҰ миссиясы Түркіменстанға барып, жағдайды өз көзімен көруді жоспарлап отыр.