ҚазҰУ әлемнің үздік унииверситеттері рейтингінде 165-орынға көтерілді

Сондай-ақ!

Алматы тұрғыны үстіне бензин құйып, өз-өзін өртеп жібермек болды

Медеу ауданының өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлерi өз-өзiне қол салмақ болған жiгiттi аман алып қалды. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 4 желтоқсанда «112» пультiне...

«Көпшілік алдында атып тастады»: Карантин тәртібін бұзған азамат өлім жазасына кесілді

Солтүстік Корея билігі коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында енгізілген карантиндік шектеулерді бұзған ел тұрғынын көпшіліктің алдында жазалады. Бұл туралы Radio Free Asia өз дереккөздеріне...

Теңіз кенішінде індет қайта өршіді: Бір топ дәрігер көмекке жіберілді

COVID-19-бен ауырған науқастардың көбеюіне байланысты Теңіз кенішіне қосымша мамандар жіберу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Атырау облысының коммуникациялар қызметі хабарлады.  Қараша айынан бері Теңіз кенішінде...

Жоғалған телефонының орнын толтыру үшін жалған шағым жасаған қыз ұсталды

Елорда полицейлері ұялы телефонымды ұрлады деп жалған шағым түсірген 23 жастағы қызды ұстады. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметінің дерегінше, күдікті қыз жоғалған ұялы телефонының...

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемнің ең үздік 200 университетінің қатарына енді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Елбасы Н.Ә.Назарбаев тапсырған және Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасына енгізілген 2020 жылы әлемнің ең үздік 200 жоғары оқу орындарының қатарына кем дегенде 2 қазақстандық ЖОО-ның кіруі міндетін абыроймен орындап шықты.

Қазақстандық университет QS жаһандық рейтингісінде 165-орынға көтеріліп, феноменалды серпіліс жасады. ҚазҰУ халықаралық ғылым және білім кеңістігіндегі өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарында екендігін дәлелдеді.

Жаһандық ең танымал және беделді Quacquarelli Symonds (QS) рейтингілік агенттігі әлемнің жоғары оқу орындары бойынша зерттеудің биылғы жылғы нәтижелерін жариялады. QS аналитикалық есебінде атап өтілгендей, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 42 орынға ілгерілеп, жаһандық рейтингіде 165-орынды иеленді және «әлемнің ең үздік 200 университеттерінің қатарына енген алғашқы қазақстандық жоғары оқу орны болды».

Посткеңестік елдерден тек екі университет қана осы топқа еніп отыр – М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Әлемдік жоғары білім беру тарихында бұрын-соңды болмаған қарқынды дамуды көрсете отырып, 9 жыл ішінде университет шамамен 500 орынға алға жылжыды.

Әлемдік рейтингте қысқа уақыт ішіндегі бұндай бірегей ілгерілеу «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ феномені» деп аталып шетелдік сарапшылар назарын өзіне аудартты. Қазақстандық жоғары оқу орны қарқынды дамуының жарқын үлгісі халықаралық академиялық ортада белсенді түрде талқылануда. Көптеген шетелдік жоғары оқу орындары ҚазҰУ-дың оң тәжірибесін қолданысқа енгізуде.

Әлемдік рейтингіде жеткен биік жетістікте университет ректоры, академик Ғалым Мұтановтың басшылығымен ҚазҰУ-дың жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша университет ұжымы атқарған қыруар жұмыстар тұр. Кластерлік тұрғыдан кешенді құрылымдық модернизациялау жүзеге асырылып, нәтижеге бағытталған басқару жүйесі енгізілді.

Алдыңғы қатарлы шетелдік университеттермен бірлесе қос диплом бағдарламасы және ағылшын тілінде білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда, соның нәтижесінде Қазақстан бойынша ең көп шетелдік студенттер ҚазҰУ-да білім алуда. Тек соңғы жылдың өзінде олардың саны 15 есеге өсті.

«Майкрософт» компаниясы ҚазҰУ цифрлық моделін ең озық тәжірибелердің бірі ретінде таныды. Университетте «ғылыми идеядан бастап оны коммерциализациялауға дейінгі» технологиялық дәліз құрылған. Оны тиімді пайдалану арқасында университетте 5 жыл ішінде ғылыми жобалар көлемі 2,5 есеге артты.

Халықаралық рейтингі жоғарғы журналдардағы қазақстандық авторлардың әрбір бесінші жарияланымы – ҚазҰУ ғалымдарының үлесі. Соңғы 5 жылда университет инфрақұрылымның жалпы аумағы 50% пайызға дейін өсті. БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі «Академиялық ықпал» бағдарламасының Жаһандық хабы ретінде ҚазҰУ жаңа буын университетінің «Университет 4.0» моделін жасап енгізді. Нью-Йорктегі БҰҰ-ның штаб-пәтерінде таныстырылған «Университет 4.0» моделі халықарылық деңгейде кеңінен таратуға ұсынылды.

ҚазҰУ әлемнің 12 елінде әл-Фараби орталықтарын ашты. Қазақ ұлттық университетінің әлемдік білім беру кеңістіктігіндегі көшбасшылық деңгейі басқа да халықаралық рейтингілік агенттіктерде көрініс табуда. ҚазҰУ әлемдегі үздік 200 экологиялық және ең озық технологиялық университеттердің үздік 50 тобына кіреді. Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палатасы рейтингінде ҚазҰУ «АА+» бағасын иеленіп, жетекші еуропалық жоғары оқу орындарының қатарына енді. Барлық осы жетістіктер арқасында ҚазҰУ түркі және ислам әлеміндегі ең үздік университет ретінде танылды.

QS рейтингісінде Массачусетс технологиялық университеті көш бастайды, екінші және үшінші орында сәйкесінше – Стэндфорд және Гарвард университеттері (барлығы АҚШ-тың жоғары оқу орындары). Ең үздік әлемдік жоғары оқу орындарының ондығын толығымен американдық және британдық жоғары оқу орындары құрайды.

 

Редакция таңдауы

Қандасымыз мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының ...

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

WhatsApp жақында кімдерді бұғаттай бастайтыны белгілі болды

2021 жылғы 8 ақпаннан бастап WhatsApp қолданушылары үшін жаңа ережелер енгізілетін болады....

Алматы тұрғыны үстіне бензин құйып, өз-өзін өртеп жібермек болды

Медеу ауданының өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлерi өз-өзiне қол салмақ болған жiгiттi...

«Көпшілік алдында атып тастады»: Карантин тәртібін бұзған азамат өлім жазасына кесілді

Солтүстік Корея билігі коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында енгізілген карантиндік шектеулерді бұзған...

Теңіз кенішінде індет қайта өршіді: Бір топ дәрігер көмекке жіберілді

COVID-19-бен ауырған науқастардың көбеюіне байланысты Теңіз кенішіне қосымша мамандар жіберу туралы шешім...

Жоғалған телефонының орнын толтыру үшін жалған шағым жасаған қыз ұсталды

Елорда полицейлері ұялы телефонымды ұрлады деп жалған шағым түсірген 23 жастағы қызды...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...