Әзербайжандықтар қатаң карантин режиміне қайта оралады

Әзербайжандықтар қатаң карантин режиміне қайта оралады

Әзербайжандықтар қатаң карантин режиміне қайта оралады
ашық дереккөзі
Әзербайжанда коронавирус жұқтыру деректерінің күрт көбеюіне байланысты ел билігі карантин режимін 1 шілдеге дейін ұзартты.  ӘЗЕРТАДЖ агенттігінің хабарлауынша, соңғы уақытта Евлах, Исмаил, Кюрдамир және Сальян аудандарында қатерлі вирусты жұқтырғандар саны артқан. Індеттің таралу қарқынын төмендету  үшін Баку, Гянджа, Лянкяран, Сұмғайыт қалаларында, сондай-ақ Абшерон, Евлах, Исмаил, Кюрдамир және Сальян аудандарында 14 маусымнан 16 маусымға дейін күшейтілген карантин режимі енгізілмек. Аталған аймақтарда түрлі салалардың және қоғамдық көліктің жұмысы тоқтайды. Тұрғындар тек аса қажет жағдайларда ғана үйден шығуы тиіс. Бұл өңірлерде тек Министрлер кабинеті белгілеген мемлекеттік органдар, әскери және құқық қорғау органдары, ауруханалар, әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер, коммуналдық қызметтер, байланыс, су, телерадиотарату, темір жолда, теңізде және әуеде жүк тасымалдау, нан пісіру кәсіпорындары ғана жұмыс істейді. Әзербайжан Министрлер кабинеті жанындағы шұғыл штабтың мәліметінше, бүгінде елде 8191 адамнан коронавирус анықталған. Індеттен 98 адам көз жұмды. Айта кетейік, Қазақстанда қатерлі вирус жұқтырғандар саны 13319-ға жетті. Өткен тәулікте 245 адамнан індет анықталды. Науқастардың 8015-і емделіп шықты. Дерті асқынған 61 адам қайтыс болды.