Жаңалықтар

Мэнни Пакьяо президент сайлауына түседі

ашық дереккөзі

Мэнни Пакьяо президент сайлауына түседі

Жартылай орта салмақта WBА бұрынғы чемпионы Мэнни Пакьяо 2022 жылы өтетін Филиппин президент сайлауына үміткер болады. Дәл қазіргі уақытта боксшы отанында сенатор қызметін атқарады. Енді ол 2022 жылы өтетін президент сайлауына қатысуды жоспарлап отыр. Естеріңізге салсақ, Пакьяо 2016 жылы 16 миллион дауыспен Филиппин сенатына сайланған болатын.