Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі 18 жылға сотталды
Бішкектің Первомайский аудандық сотында Бішкектегі Тарихи музей мен Шолпан-Ата қаласындағы ипподромды қайта құруға қатысты кезекті сот отырысы өтті. Бұл туралы Кабарға сілтеме жасап ҚазАқпарат жазды.
Сот бұрынғы премьер-министр Сапар Исақовты Қырғыз Республикасы ҚК-нің 319-бабының 2-бөлігі бойынша айыпты деп танып, оны 18 жылға бас бостандығынан айырды.
Сондай-ақ ол сот шешімімен 247 млн 650 мың сом көлеміндегі шығынды өтейді.
Қылмыстық істің екінші мүшесі Президент аппаратының азаматтық даму, діни және этникалық саясат бөлімінің бұрынғы меңгерушісі Мира Карыбаева ҚР ҚК 320-бабы 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, оған 260 мың сом көлемінде айыппұл салынды.
Еске салсақ, Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі 2018 жылы маусым айында қамауға алынған болатын.