Елімізде тұрмыстық жанжал ушығып тұр – министр

Елімізде тұрмыстық жанжал ушығып тұр – министр

Елімізде тұрмыстық жанжал ушығып тұр – министр
ашық дереккөзі
Елімізде отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың саны 25 пайызға артып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев есеп беру кездесуі барысында айтты. ҚазАқпараттың жазуынша, министр жыл басынан бері елімізде жалпы қылмыс саны 38 пайызға азайғанын айтқан. Денеге ауыр жарақат салу, қарақшылық, тонау, ұрлық, бұзақылық сынды қылмыс түрлері де төмендеді. Кәмелеттік жасқа толмағандар, бұрын сотталғандар жасайтын қылмыстар да төмендеп отыр. Қылмыстардың көптеген түрлерінің ашылуы көрсеткіші де жақсара түскен. Десек те, «Отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың саны 25 пайызға артып отыр. Төтенше жағдай режимі кезеңінде азаматтардың оқшаулауына байланысты дағдарыс орталықтарының «қауырт желілеріне» зорлық-зомбылық құрбандарының жүгінуі көбейіп кетті. Бұған қоса, өкінішке орай зардап шегушілердің 10-ының екеуі ғана полицияға жүгінуге келіседі», – деді Ерлан Тұрғымбаев Орталық коммункациялар қызметіндегі кездесуде. Оның атап өтуінше, отбасылық жанжал шығарғыштардан зардап шегушілерді қорғау үшін 37 мың қорғау ұйғарымы шығарылып, құқық бұзушыларға қатысты 4,8 мың арнайы талап бекітілген.