Жезқазған қаласы электр қуатынсыз және сусыз қалды
9 маусым, 2020 /
Асыл ТҰМАР
Жезқазған қаласы электр қуатынсыз және сусыз қалды
ЖЭО орын алған апаттық жағдайдың салдарынан Жезқазған қаласы электр қуатынсыз және сусыз қалды. Бұл туралы жергілікті әкімдік Facebook парақшасында мәлімдеді.
ЖЭО-дағы апаттық жағдай бүгін таңертең сағат 7.30-де болған. Осыған байланысты қалада толығымен электр және сумен қамтамасыз ету жүйесі өшірілді.
«Сағат 10.20-да Жезқазған қаласына электр энергиясын беру қалпына келтірілді. Су қысымын қалпына келтіру жүріп жатыр. Кейбір пәтерлерде су бар. Жақын арада мәселе толығымен шешіледі», – деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жезқазған ЖЭО-да осыған дейін де ақаулар болған. Өткен 2019 жылы апат салдарынан қала жылу, электр және сусыз қалып қойған.