Қазақстан биыл мұнайды жоспардан 4 млн тоннаға аз өндіретін болды

Қазақстан биыл мұнайды жоспардан 4 млн тоннаға аз өндіретін болды

Қазақстан биыл мұнайды жоспардан 4 млн тоннаға аз өндіретін болды
ашық дереккөзі
Үкімет отырысында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев: «6 маусымда ОПЕК+ конференциясының отырысы өткен болатын. Отырыстың нәтижесі бойынша Қазақстан шілденің соңына дейін тәулігіне 9,7 млн баррельге дейін мұнай өндіретін болды. Сондай-ақ осы жылдың мамыр-маусым айларында әртүрлі себеппен өндірістің артуы байқалатын елдер бойынша шілде-қыркүйек айларында мұндай артуды өтеу туралы шешім қабылданды. Қазақстанда мамыр айының алғашқы 12 күнінің ішінде мұнайдың қосынды артуы 3,13 млн баррельді құраған болатын. Оны өтеу тамыз-қыркүйек айларына жоспарланып отыр», – деп атап өтті. ҚазАқпараттың жазуынша, министр өз сөзінде қайта қабылданған міндеттемелерді ескере отырып, 2020 жылғы өндіру болжамы 86 млн тоннаны құрайтынын жеткізді. «Бұл – индикативтік жоспардан 4 пайыз төмен. Индикативтік жоспар 90 млн тонна болған», – деді ол.