Жаңалықтар

Қазақстан банктерінде депозиттер көлемі ұлғайды

ашық дереккөзі

Қазақстан банктерінде депозиттер көлемі ұлғайды

Қазақстанда сәуірдің соңында депозиттер көлемі валютадағы және сол сияқты теңгедегі салымдардың өсуі есебінен жыл басынан бері 3,3%-ға ұлғайып, 19,6 трлн теңгеге жетті, – деп жазды ҚазАқпарат. «Биыл сәуірдің соңында депозиттер көлемі валютадағы және сол сияқты теңгедегі салымдардың өсуі есебінен жыл басынан бері 3,3%-ға ұлғайып, 19,6 трлн теңге болды. Ұлттық валютадағы салымдар 2,8%-ға (немесе 301 млрд теңгеге), шетел валютасындағы салымдар – 4,0%-ға (немесе 328 млрд теңгеге) өсті. Бағамды қайта бағалауды ескермегенде, валюталық салымдар 6,3%-ға немесе 1,3 млрд АҚШ долларына төмендеді», – деді Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында. Осының нәтижесінде депозиттердің долларлану деңгейі сәуірде 43,4% (2019 жылғы желтоқсанда 43,1%) болған. Осы жылғы мамырда депозиттердің долларлануы 29 мамырдағы бағалау бойынша 41,8%-ға дейін төмендеген.