«Праймериз. Жария саясат. Депутаттың бейнесі қандай болуы керек?» оқу бағдарламасы басталады

«Праймериз. Жария саясат. Депутаттың бейнесі қандай болуы керек?» оқу бағдарламасы басталады

«Праймериз. Жария саясат. Депутаттың бейнесі қандай болуы керек?» оқу бағдарламасы басталады
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясының Саяси менеджмент мектебі праймеризге қатысушыларға арналған «Праймериз. Жария саясат. Депутаттың бейнесі қандай болуы керек?» деп аталатын оқу бағдарламасының басталатыны туралы ақпарат таратты. Бұл туралы партияның Facebook желісіндегі ресми парақшасында жазылды. Құрметті достар! Өздеріңіз білетіндей, ағымдағы жылғы 17 тамыз бен 3 қазан аралығында «Nur Otan» партиясының праймеризі өтеді. Оның басты мақсаты – алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарда партиялық тізімдерді қалыптастыру үшін бәсекелес күрес негізінде жаңа көшбасшыларды анықтау. Жаңа форматтағы партияішілік іріктеу партияның әрбір мүшесінің қатысуына мүмкіндік береді. Осыған орай «Nur Otan» партиясының Саяси менеджмент мектебі праймеризге қатысушыларға арналған «Праймериз. Жария саясат. Депутаттың бейнесі қандай болуы керек?» деп аталатын оқу бағдарламасының басталатыны туралы хабарлайды. Егер праймериз жайлы, заманауи ақпараттық болмыс жағдайында жеке имиджіңізді басқарудың негізгі принциптері, саяси қарым-қатынас пен шешен сөйлеу дағдылары туралы жан-жақты білгіңіз келсе, Сіздерді осы оқу бағдарламасына қатысуға шақырамыз. Семинарларда белгілі саясаттанушылар, мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер, психологтар спикер ретінде сөз сөйлейді. Олардың ішінде Ермұхамет Ертісбаев, Айдос Сарым, Расул Жұмалы, Андрей Чеботарев, Саясат Нұрбек және басқалар бар. Оқыту бағдарламасы онлайн режимде өтетін төрт модульден тұрады.
  • Бірінші модуль: Партияішілік іріктеу-праймеризін іске асыру механизмі.
  • Екінші модуль: Праймеризді өткізудің халықаралық тәжірибесі. Депутаттың биліктегі рөлі мен орны.
  • Үшінші модуль: Депутаттың бейнесі. Имидж және мінез-құлықтың тиімді үлгісін қалыптастыру.
  • Төртінші модуль: Саяси шешендік.
Интерактивті пікірталас, топтарда практикалық сабақтар және шығармашылық тапсырмалар қарастырылған. Қатысуға ниет білдірген барлық партиялықтар үшін сабақтар тегін өткізіледі. Семинарлар ағымдағы жылдың 15 маусымында басталып, 7 тамызда аяқталады және 9.30 – 13.00 сағат аралығында өтеді. Толығырақ ақпаратты тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша партияның облыстық филиалынан немесе «Nur Otan» партиясының Саяси менеджмент мектебінен мына мекенжай бойынша алуыңызға болады: Нұр-Сұлтан қ., Қонаев көшесі, 12/1 тел. +7-7172-707621 www.spm.nurotan.kz сайты, info_school@spm.nurotan.kz электронды поштасы Әлеуметтік желілердегі аккаунттар: www.instagram.com/spm.nurotan.kz ­