Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің 50 пайызы жұмысты қашықтан жалғастырады
ҚР Бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша елімізде мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен өзге де кеңселердің жұмыс тәртібі бекітілді.
«Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар COVID-19 сырқаттанушылығының өсуі 7 күн ішінде 5%-дан аспайтын деңгейге жеткен жағдайда осы қаулыға 23-қосымшаға сәйкес әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, басқа да кеңселердің қызметін қамтамасыз етсін. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан жұмыс істеу нысанында қалады (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда)», - делінген Айжан Есмағамбетованың 6 шілдеде шыққан қаулысында.
Айта кетейік, бұған дейін
Қазақстанға шетелден келгендер 2 күн карантиндік стационарда оқшауланатынын хабарлағанбыз.