Жаңалықтар

"Елорда карантин тәртібіне қайта оралуы мүмкін": Полиция тұрғындарға ескерту жасады

ашық дереккөзі

"Елорда карантин тәртібіне қайта оралуы мүмкін": Полиция тұрғындарға ескерту жасады

Елордалықтар санитарлық талаптарды орындамаған жағдайда қатаң карантиндік режим қайта енгізілмек. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жергілікті тұрғындарға осындай ескерту жасады.  "Біз азаматтардан бетперде киіп, қашықтықты сақтап, антисептиктерді жиі қолдануды сұраймыз. Себебі сіз вирустық инфекцияны тасымалдаушы болуыңыз мүмкін және вирус жұқтырғаныңызды білмеуіңіз де мүмкін. Егер адам өзінің ауыру екенін біле тұрып бетперде тақпай, адамдарға жұқтыруды жалғастырса, оған қарсы қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. Санитарлық нормалар бұзылған жағдайда қала қатаң карантиндік режимге оралуға мәжбүр болады", – делінген хабарламада. Полиция департаменті қазіргі кезде Нұр-Сұлтан қаласында халық көп жиналатын жерлерде іске асырылып жатқан санитарлық шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды. Қоғамдық орындарда дезинфекция жұмыстары жалғасуда. "Карантиннің жеңілдетілуіне байланысты азаматтар жаппай қоғамдық орындарға, саябақтар мен демалыс алаңдарына барады. Сондықтан да бұл жерлерде мұқият дезинфекция жұмыстары жүргізілуде", – деп түсіндірді полиция. Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 12 694-ке жетті. Ал елордада қауіпті вирус 2454 адамнан анықталды. Соңғы тәулікте қалада індет жұқтырудың 38 жаңа дерегі тіркелді.