Жергілікті идеологтар бейнероликтердің мазмұнына мұқият қарауы керек — Аида Балаева
Жергілікті идеологтар бейнероликтердің мазмұнына мұқият қарауы керек — Аида Балаева
Жергілікті идеологтар мемлекетіміздің басты басымдықтарын ұмытпай, бейнероликтердің мазмұнына мұқият қарауы керек. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook-парақшасында жазды.
«Қазақстан - зайырлы мемлекет, сондықтан Конституция барлық азаматтарға бірдей құқық, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге кепілдік береді. Оның ішінде біз әлеуметтік желілердегі біреудің ар-намысына тиетін түрлі жазбалар туралы айтып отырмыз. Бұл, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жасалған бейнебаянға да қатысты. Жергілікті идеологтар мемлекетіміздің басты басымдықтарын ұмытпай, бейнероликтердің мазмұнына мұқият қарау керек деп санаймын», - деді министр.
А.Балаева атап өткендей, әкімдіктер жанынан арнайы жұмыс топтары құрылып, олар мемлекеттік тапсырыспен жасалатын өнімдерді бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланбас бұрын егжей-тегжейлі талдап, іріктеп алғаны дұрыс.