Санитарлық посттар қайта орнатылады: Алматы облысында карантин күшейтілді

Санитарлық посттар қайта орнатылады: Алматы облысында карантин күшейтілді

Санитарлық посттар қайта орнатылады: Алматы облысында карантин күшейтілді
ашық дереккөзі
Алматы облысында шектеу шаралары қайта күшейтіледі. Аймақта коронавирус жұқтыру көрсеткіші екі пайызға өскен. Осыған байланысты санитарлық посттар қайта орнатылып, бірқатар мекемелердің жұмысы шектелмек.  Өңірдегі ахуалды «Жетісу» арнасының эфирінде облыстың бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов түсіндірді.  Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, карантинді күшейту - мәжбүрлі шара. Аймақта қатерлі вирус жұқтырғандар саны артуда. Осы уақытқа дейін Алматы облысында инфекция жұқтырудың 400-ден астам жағдайы анықталған. Карантинді жеңілдеткеннен кейін бұл көрсеткіш 2,5-тен 4,5 пайызға дейін өскен. Баймұхамбетов атап өткендей, азаматтардың санитарлық талаптар мен ережелерді сақтамауы осындай өсімге алып келген. Осыған байланысты  аймақтың бас санитар дәрігері қайтадан карантинді күшейтуге мәжбүр екенін айтты. Сонымен, қалалар мен аудандар арасындағы санитарлық посттар қайта пайда болып, кейбір нысандардың, сондай-ақ сауда үйлерінің жұмысына тыйым салынады. Барлық қоғамдық шараларға қатаң тыйым салынады, бассейндер мен субұрқақтар жабылады. Қоғамдық көліктердің жүрісіне де шектеу қойылады: ол таңертең және кешке ғана жүретін болады. Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде 183 адамнан коронавирус анықталып, өсім 1,5 пайызды құрады. Республика бойынша індет жұқтырғандар саны 12 694-ке жетті.