Головкин қыркүйекте кіммен жұдырықтасады?

Головкин қыркүйекте кіммен жұдырықтасады?

Головкин қыркүйекте кіммен жұдырықтасады?
ашық дереккөзі

2016 жылдың қыркүйегіде қазақстандық боксшы Головкинмен жекпе-жекке кім шығатынын білгісі кеп, WBA-ға құлақ түргендер көп. Дүниежүзілік бокс қауымдастығының президенті үміткерлердің есімін атады.

Әзірге WBA (Super), IBO, IBF және WBC нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин қыркүйекте америкалық Дэниел Джейкобспен айқаспайтыны белгілі болды. Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA)   президенті Жилберто Хесус Мендосаның айтуынша, бокс сүйер қауым асыға күтіп отырған жекпе-жек жылдың аяғында болуы тиіс. Ал оған дейін Головкин мен Джейкобс бір жекпе-жектен өткізе алады. Мендосаның сөзіне қарағанда, егер Головкин командасы мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен келісе алмаса, онда қазақстандық еш жеңіліп көрмеген орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері британиялық  Билли Джо Сондерспен кездесуі мүмкін.

 «Дэниел Джейкобс командасы олар Серхио Мороймен кездесу өткізгісі келетінін, ал Головкин командасы  Билли Джо Сондерспен келісуге тырысатынын айтты. Алайда олар өзара жекпе-жекті жыл соңына дейін өткізуді жоспарлап отыр», - деді WBA президенті.