Флойдтың өлімі: БҰҰ-ның штаб-пәтері жанында наразылық шеруі өтті

Флойдтың өлімі: БҰҰ-ның штаб-пәтері жанында наразылық шеруі өтті

Флойдтың өлімі: БҰҰ-ның штаб-пәтері жанында наразылық шеруі өтті
ашық дереккөзі
БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтері жанына жүзге тарта адам жиналып, АҚШ-тың сот төрелігіндегі расизм көріністерін айыптауды талап етті, деп хабарлайды  РИА Новости. — Біз БҰҰ-дан АҚШ-тың іс-әрекеттерін айыптайтын резолюция қабылдауды талап етеміз, - деді наразылық акциясын ұйымдастырушылардың бірі. Бейбіт шеруге қатысушылар ұйымға мүше мемлекеттерден аз ұлттарға қатысты әділеттілікті қалпына келтіретін шараларды қолға алуды және полицияны қаржыландыруды тоқтатуды талап етті. Айта кетейік,  АҚШ-та полицейдің қолынан қаза тапқан афроамерикалық Джордж  Флойдтың өлімінен соң АҚШ қалаларында жаппай наразылық шерулері өтіп, 40-қа жуық қалада коменданттық сағат енгізілді. Джордж Флойдтың мойынын тізесімен қылқындырған Миннеаполистің бұрынғы полиция қызметкері Дерек Шовинге екінші дәрежедегі кісі өлтіру әрекеті бойынша айып тағылды. Ұстау кезінде оның жанында болған тағы үш полиция қызметкері адам өлтіруге көмектесу және оған арандату бойынша айыпталуда. Әуелде Шовинге үшінші дәрежедегі, яғни байқаусызда кісі өлтіру әрекеті бойынша айып тағылған еді. Екінші дәрежедегі кісі өлтіру Америка заңнамаларында өзгелермен келісілмеген, бірақ қасақана кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана зиянын тигізу, адам өміріне деген немқұрайлық  әрекеті болып есептеледі. Бастапқыда Флойдтың өліміне қатысты өзге полицейлерге айып тағылмаған болатын. Олар тек жұмыстан шығарылған еді. Алайда Флойдтың жақындары оларды да жауапқа тартуды талап етті. Енді Флойдтың ісі бойынша 4 адамға айып тағылып отыр.