Жапония ғарыштық қоқысты жоятын спутник жасауды қолға алды
Жапония ғарыштық қоқысты жоятын спутник жасауды қолға алды
Жапонияның аэроғарыш агенттігі (JAXA) ғарыштық қоқысты жоюға арналған жасанды спутник жасап шығармақ, деп хабарлайды NHK.
Телеарнаның хабарлауынша, бұл жұмысқа SKY Perfect JSAT Corporation және елдің беделді ғылыми-зерттеу институттарының бірі – RIKEN-ді тарту жоспарланған. Спутник ғарыштық қоқысты лазер сәулесі арқылы сәулелендіріп, кейіннен атмосфераға лақтыруы тиіс. Қазіргі таңда ғарыштағы қоқыс көлемі 10 сантиметрден асады. Мамандардың айтуынша, ғарышты ластаушылар санатында 20 мыңға жуық нысан бар.
1958 жылы америкалықтар ұшырған Vanguard-1 спутнигі ең алғашқы ғарыш қалдығы саналады. НАСА мамандарының тұжырымдауынша, АҚШ-тың бұл спутнигі әлі 240 жыл аспан әлемін шарламақ.
Статистикалық деректерге сүйенсек, ғарышты ластаушылардың көшін Қытай бастайды. Ғарыштық қоқыстың шамамен 40 пайызы осы елдің үлесі. Одан кейін АҚШ 27,5 және Ресей 25,5 пайыз көрсеткішке ие.
Жалпы, ең ірі ғарыш қоқысы ретінде «Мир» стансасы аталады. Ол 2001 жылы 23 наурызда Тынық мұхитына батырылған.