Украина Горбачевқа өз аумағына кіруге тыйым салды

Украина Горбачевқа өз аумағына кіруге тыйым салды

Украина Горбачевқа өз аумағына кіруге тыйым салды
ашық дереккөзі

Михаил Горбачев бес жыл көлемінде Украина аумағына кіру құқынан айрылды. КСРО-ның соңғы басшысының шулы мәлімдемесінен кейін Украина қауіпсіздік қызметі осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды «Азаттық».

Қауіпсіздік қызметі өкілі Алена Гитлянская бұл ақпаратты "Интерфакс" агенттігіне растап, тыйым салуға "ұлттық қауіпсіздік мүдделері" себеп болғанын айтқан. Оның сөзінше, тыйым Горбачевтің таяуда 2014 жылы Ресейдің Қырым түбегін Украинадан аннексиялағанын қолдаған мәлімдемесі себеп болған.

Sunday Times-ке берген сұхбатында КСРО-ның соңғы басшысы, 85 жастағы Горбачев Кремльдің Қырымды аннексиялау шешімін қолдаған. Ол сонымен қатар референдумды "Қырым халқының көпшілігінің өз қалауын еркін білдіруі" деп, халықаралық қауымдастықты сынаған. Горбачев президент Владимир Путиннің орнында болса өзі де осындай іс-әрекет жасайтынын айтты. Ол әзірге Украина қауіпсіздік қызметінің өзін сол ел аумағына кірбізбеу туралы шешіміне қатысты пікірін жария еткен жоқ.