BizBirgemiz акциясы: 52 мыңнан астам мұқтаж отбасыға көмек көрсетілді
BizBirgemiz акциясы: 52 мыңнан астам мұқтаж отбасыға көмек көрсетілді
Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың бастамысымен жүріп жатқан #BizBirgemiz акциясы аясында постпандемиялық кезеңде жергілікті атқарушы органдар және кәсіпкерлердің қолдауымен мұқтаж тұрғындарға көмек көрсету бойынша бірқатар шаралар ұйымдастырылуда.
Карантин кезеңінде қалалық және аудандық әкімдіктердің, кәсіпкерлер мен еріктілердің қолдауымен 52 мыңнан астам отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетілгенін атап өткен жөн.
Өз кезегінде осындай қолдауға ие болған, 2 бала тәрбиелеп отырған 3 топтағы мүгедек Гүлнар Сабирова #BizBirgemiz бастамасына, Nur Otan партиясы мен еріктілерге алғысын білдіріп, 50 мың теңге көлеміндегі қаржылай көмекке қосымша азық-түлік жиынтығын бірнеше рет алғанын айтты.
Азық-түлік жиынтықтарын дайындау және тарату барысында қажет санитарлық нормалар сақталған.