Карантин кезінде рұқсат қағазын сатқан әкімдік қызметкері жазаға тартылды
    
        5 маусым, 2020 /
        Асыл ТҰМАР
    
    
            
    
    
    
                                    Карантин кезінде рұқсат қағазын сатқан әкімдік қызметкері жазаға тартылды
                        
                                    Семей қаласында карантин кезінде рұқсат қағазын сатып пайда тапқан әкімдік қызметкері сотталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің мәліметіне сүйенсек, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы автокөлік жүргізушілеріне 5 қызыл рұқсат қағазын сатқан.
Тергеу амалдары аяқталған соң оның ісі Семей қалалық №2 сотында қаралды.
«Бас маман төтенше жағдай кезінде 25 мың теңге пара алып, автокөлік иелеріне қала ішінде жүруге арналған рұқсат қағазын заңсыз берген. Сот үкімімен айыпталушыға 1 250 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынды», – делінген хабарламада.