Пандемияға қарамастан Қазақстан қандастарды оқуға қабылдайды
Пандемияға қарамастан Қазақстан қандастарды оқуға қабылдайды
Әлеуметтік желіде «Биыл қандас жастарды Қазақстанға оқуға қабылдамайды» деген ақпарат тараған еді. «Отандастар қоры» бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдейді.
Осы орайда «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ және «Отандастар қоры» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 199 қаулысына сәйкес 2020-2021 оқу жылына республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орындарының дайындық бөліміне Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды оқытуға 1300 орын бөлінгенін хабарлайды. Үміткерлерден құжаттарды қабылдау туралы ақпаратты қабылдау ережесі бекітілгеннен кейін қосымша жолдаймыз. Нақты ақпарат алу үшін «Отандастар қорының» төмендегі телефондарына хабарласа аласыздар: ✔️1404 (барлық қазақстандық мобилді операторлар үшін тегін); ✔️8 800 080 1404 (барлық қазақстандық қалалық қоңыраулар үшін тегін); ✔️+7 (7172) 981404 (барлық қазақстандық қалалық қоңыраулар үшін тегін, халықаралық қоңыраулар үшін шетелдік операторлар белгілеген ставкамен); ✔️8 701 000 1404 (WhatsApp, Telegram хабарлар мен қоңыраулар үшін). ✅E-mail: komek@oq.gov.kz. ✅Skype: komek@oq.gov.kz.