Дарынды да креативті қазақстандықтарды праймеризге қатысуға шақырамыз – Б.Байбек

Сондай-ақ!

«Қазгидромет» ескертеді: бүгін 5 өңірде ауа райы қолайсыз

Қазақстанның бес облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлады  Қазгидромет. 30 қарашада Маңғыстау облысында шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с...

Алматыдан 170 шақырым жерде жер сілкінді

«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 29 қарашада Алматы уақытымен 23 сағат 47 мин 04 секундта жер сілкінісін тіркеді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке...

Мұрат БАҚЫТИЯРҰЛЫ: Нұрбесік ауылы – Байқоңырдың күйін кешіп отыр (видео)

Нұр-Сұлтан қаласы Көктал-1 шағынауданы шетінде бейресми атауы Нұрбесік деп аталатын ауыл бар. Бейресми дейтін себебіміз бұл елді мекеннің бой көтере бастағанына 12 жылдан асса...

Марадонаның өліміне дәрігері себеп болуы мүмкін – ВВС

Аргентина билігі Диего Марадона дәрігері Леополдо Лукаға қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды BBC. Прокуратура дәрігер футболшыны абайсызда өлтіруі мүмкін деген нұсқаны тексеріп жатыр. ВВС Аргентинаның Todo...

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында партияішілік таңдау – праймериздің қашан өтетіні туралы айтты.

«Құрметті достар! Баршаңызды еліміздің Тәуелсіздігін, сан ғасырлық тарихы мен егемендігін бейнелейтін Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын.

«Nur Otan» партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаев биылғы 17 тамыздан 3 қазанға дейінгі аралықта партияішілік таңдау – праймериз өткізу туралы Қаулыға қол қойды. Бұл – Елбасы жариялаған «Nur Otan» партиясын «қайта жандандырудың» маңызды бөлігі болып табылатын партияішілік демократияның заманауи тетіктерінің бірі.

Праймериздің негізгі мақсаты – алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауларына партиялық тізімдерді қалыптастыру үшін бәсекелес күрес негізінде жаңа көшбасшыларды айқындау.

Өздеріңіз білетіндей, біз былтыр «Nur Otan»-ның кадрлық резервіне пилоттық режимде іріктеу өткізген болатынбыз. Жоба әлеуметтік-экономикалық дамуы, тұрғындарының саны және әлеуметтік топтары бойынша әркелкі 14 қала мен ауданда өткізілді. 10 мың партиялықтан тұратын кадрлық резерв жасақталды. Біздің қатарымызға 20 мың адам қосылды.

Халықаралық озық тәжірибелерді жан-жақты қарастырып, партия ішінде қызу талқыдан өткізгеннен кейін партия Саяси кеңесі мүшелерінің дауыс беруімен Праймериз өткізу ережесі қабылданды. Ол ертең біздің ресми сайтымызда жарияланатын болады.

Алдағы праймеризде қазіргі трендтер ескеріле отырып, дәстүрлі дауыс берумен қатар онлайн-дауыс беруді де өткізу жоспарланып жатыр», – деді Бауыржан Байбек.

Оның айтуынша, таяу уақытта партияішілік іріктеуге қатысуға ниеттенгендерді оқыту басталады. Ол үшін Саяси менеджмент мектебі коммуникация, сайлаушылармен жұмыс жүргізу, көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары және басқа да тақырыптар бойынша онлайн-семинарлар ұйымдастырады.

«Партиямыздың Лидері Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, «партиялық тізімдерге халықтың әртүрлі бөлігінің өкілдері, беделді, азаматтардың сеніміне ие болған отандастарымыз кіруі тиіс».

Әлеуметтік партиялық лифтті қамтамасыз ету –партиямыз үшін басты міндеттердің бірі. Сондықтан партия мүшелерімен қатар қоғам өміріне бей-жай қарамайтын, дарынды да креативті барша қазақстандықты алдағы праймеризге белсенді қатысуға шақырамыз», – деді ол.

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Данияр Елеусінов халықаралық рейтингте жоғарылады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) Boxrec.com порталының рейтингінде бірнеше...

«Қазгидромет» ескертеді: бүгін 5 өңірде ауа райы қолайсыз

Қазақстанның бес облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлады...

Алматыдан 170 шақырым жерде жер сілкінді

«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 29 қарашада Алматы уақытымен 23...
Нұрбесік

Мұрат БАҚЫТИЯРҰЛЫ: Нұрбесік ауылы – Байқоңырдың күйін кешіп отыр (видео)

Нұр-Сұлтан қаласы Көктал-1 шағынауданы шетінде бейресми атауы Нұрбесік деп аталатын ауыл бар....
Марадона

Марадонаның өліміне дәрігері себеп болуы мүмкін – ВВС

Аргентина билігі Диего Марадона дәрігері Леополдо Лукаға қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...