Жаңалықтар

Мемлекет басшысы ҰҚК алқасының кеңейтілген отырысын өткізді

ашық дереккөзі

Мемлекет басшысы ҰҚК алқасының кеңейтілген отырысын өткізді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті алқасының кеңейтілген отырысын өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы өткізген жиынға Ұлттық қауіпсіздік комитеті орталық аппаратының және аймақтық бөлімшелерінің басқарушы құрамы қатысты. Жиын алдында Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған ҰҚК органдары қызметкерлерін еске алуға арналған стелаға гүл шоқтарын қойды. Жиын соңында Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында бірқатар нақты тапсырма берді.