Серік Әбікенұлы "Жетісу" телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды
Серік Әбікенұлы "Жетісу" телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды
Белгілі тележурналист Серік Әбікенұлы "Жетісу" телеарнасының директоры болып тағайындалды.
Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел хабарлады.
Серік Әбікенұлы бұған дейін «Жетісу» телеарнасы директорының бірінші орынбасары болды. Сондай-ақ, «Парасат» журналының бас редакторы, «Алматы» телеарнасы директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
Айта кетейік, 2014 жылдан бері «Жетісу» телеарнасын белгілі журналист, марқұм Бейсен Құранбек басқарып келген еді.