Nur Otan: Праймериз халықтың партияға деген сенімін нығайтады
Nur Otan: Праймериз халықтың партияға деген сенімін нығайтады
Өткен жылдың 21 тамызында Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партияны қайта жаңғырту процесі басталды.
Саяси кеңес отырысында Елбасы партияішілік іріктеу өткізу қажеттілігіне тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданыс тапқан іріктеу механизмі – праймериздің тиімділігін атап өтті.
Биылғы жылдың 5 наурызында Nur Otan партиясы Саяси кеңес Бюросының отырысында праймериз өткізу ережелерінің жобасы мақұлданды.
Партия Лидері атап өткендей, праймериз партия атынан күрделі мәселелерді шешетін ең белсенді және ең сенімді мүшелерді анықтауға мүмкіндік береді. Таңдаулы азаматтардың халық алдында беделі жоғары болуы тиіс. Олар саяси алаңда еркін жұмыс істей алуы қажет. Көптің алдында тосылмай сөйлеп, істі батыл бастайтындардың бәсі басым болмақ.
Халықаралық тәжірибе
«Праймериз» термині ағылшынның primary election тіркесінің құбылуынан шыққан, «алдын ала, бастапқы сайлау» деген мағынаны білдіреді. Яғни, праймериз дегеніміз – жақтастарының арасында алдын-ала партияішілік сайлау өткізу арқылы партия атынан негізгі сайлауға түсетін көшбасшыларды іріктеу. Бұл тәсіл партияның өз ішіндегі мықтыларын анықтауға мүмкіндік беріп қана қоймай, пікірі, ұстанымы партиямен үндес азаматтарды партия қатарына тартуға септігін тигізеді. Алдын ала сайлаулар әр елде әр түрлі атауға ие. Мәселен, Аустралияда «pre-selection» деп аталса, АҚШ-та «primary election», Канадада «nomination contests» деген атпен белгілі. Праймериз алғаш рет XIX ғасырдың 40 жылдары АҚШ-та өткізілді. Бүгінде бұл механизм Еуропаның, Азия мен Американың көптеген мемлекетінде қолданылады. Атап айтқанда, АҚШ-тың Республикалық және Демократиялық партиялары, Германияның Христиан-демократиялық одағы, Ұлыбританияның Консервативтік және Лейбористік партиялары, Мексиканың Институционалдық революциялық партиясы, Канаданың Либералды партиясы праймериз өткізуді дәстүрге айналдырған.Праймериздің түрлері
Праймериздің бес түрі белгілі: Ашық праймериз. Саяси партияның праймеризіне сол аймақта тіркелген барлық дауыс берушілер қатыса алады. Өзге партияларға мүше азаматтар да таңдау жасауға құқылы (АҚШ, Ресей, Франция, Италия, Аргентина, Уругвай). Жабық праймериз. Партияішілік іріктеуде тек сол партияның өз мүшелері ғана таңдау жасайды (Канада, Германия, Түркия, Ирландия). Аралас праймериз. Ұлыбританияда партия бюджетіне арнайы жарна төлеген кез келген азамат дауыс бере алады. Оңтүстік Кореяда партия мүшелері мен жақтастары алдын ала тіркеуден өткеннен кейін өз таңдауын жасайды. Пропорционалды жүйе бойынша сайлау өткізу кезіндегі праймериз. Финляндияда парламент ашық партиялық тізімдердің пропорционалды жүйесі бойынша сайланады. Округтерде праймериз өткізіліп, партия мүшелері үміткерлердің соңғы тізіміне кімдер енетінін анықтайды. Партия съездеріндегі алдын ала сайлаулар. Кейбір партиялар мүшелерінің негізгі жиындарын алдын ала сайлаулар өткізуге пайдаланады. Бұл тәсілдің екі түрі бар: үміткерлер съезд делегаттарының дауыс беруі арқылы сайланатын тікелей сайлаулар және жергілікті партия филиалдарынан таңдалған делегаттарға дауыс беру құқығы берілетін жанама сайлаулар.Nur Otan партиясы қолға алған праймериздің жаңа форматының ерекшеліктері
1. Кандидаттар халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді: ‒ бұл бұқаралық саясаттың дамуына жол ашады; ‒ азаматтар өз дауыстарын кімге беретінін білетін болады; ‒ үміткерлер жарыс жолын жоғары легитимділікпен және танымалдықпен бастайтын болады. 2. Партиялық тізімдегі әйелдердің үлесі 30 пайыздан кем болмауы тиіс: ‒ ел тұрғындарының 50 пайыздан астамы – әйелдер. Сондықтан олар партиялық тізімнен лайықты орын алуы қажет; ‒ елімізде сайлаушылардың 30 пайызын мұғалімдер құрайды. Ұстаздар арасында нәзік жандылардың саны басым екені белгілі; ‒ мәслихаттар құрамында әйелдер қатарының артуы білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру секілді салалардың 3. Партиялық тізімде жастардың үлесі 20 пайызға жетеді: ‒ праймериз жастарға ашық партияішілік жарыста өз потенциалын көрсетуге мүмкіндік береді; ‒ бұл квотаны жастарды ынталандыру деп қабылдауға болады, праймеризге қатыса отырып олар шын мәнінде партиялық тізімге ену мүмкіндігі бар екенін білетін болады. 4. Мәслихаттарға арналған партиялық тізімнің 70 пайызы праймеризден өткен үміткерлерден құралатын болады: ‒ тізімге партиялық іріктеуден өткен азаматтардың енуі Қазақстанның саяси тарихында бұрын-соңды болмаған жағдай; ‒ сондай-ақ, тізімде Қазақстанның заң шығару органында мол тәжірибесі бар және елдің қалыптасуына өз үлесін қосқан азаматтардың тізімде міндетті түрде болуына баса мән беріледі. Праймериз кезеңдері: 1) үміткерлерді ұсыну және тіркеу; 2) үміткерлерді үгіт-насихат шараларына дайындау; 3) үгіт-насихат жұмыстары; 4) дауыс беру; 5) тізімдерді дайындау.