Ұлттық қорға 100 миллиард теңге кіріс кіргізді

Сондай-ақ!

«Матаның даңқымен бөз өтеді». Журналистер партияға сайлау кезінде ғана қажет пе?

Парламент сайлауы өтетін күн жақындаған сайын саяси партияларға «жан бітіп», жекелеген тұлғалардың белсенділігі арта түсетініне етіміз үйренген. Әсіресе, қазіргі  сайлауалды уақыт қызық. Саяси партиялардың...

Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлайды Elbasy.kz. Кездесуде Елбасы пандемия жағдайында халықтың әлеуметтік әлсіз топтары мен шағын және орта бизнес...

Елбасы Абылай Мырзахметовтің есебін тыңдады

Елбасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті қабылдады, деп хабарлайды ELbasy.kz.  Кездесу барысында Елбасыға пандемия жағдайында отандық бизнесті қолдау шаралары туралы мәлімет берілді. Сонымен...

Нұртөре Жүсіп журналистердің Этикалық кодексін жетілдіру мәселесін көтерді

Сенат төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров пен сенатор Нұртөре Жүсіп Премьер-Министр Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолдады. Онда Журналистік әдеп кодексін жетілдіру мәселесі көтерілді. Сауал жолдаған...

Қазақстанның Тұңғыш Президенті­нің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес­тің отырысы өтті.

Кеңесте «Самұрық-Қазына» акцио­нерлік қоғамының қазіргі қызметі, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ кеңес­тің өткен отырысында беріл­ген тапсырмалардың орын­далу бары­сы қаралды.

Отырысты ашқан Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» қоры ел дамуында маңызы рөл атқа­раты­нын атап өтті.

– Биыл біз ауыр сынақтарға тап болдық. Коронавирус панде­миясы жа­һандық экономи­калық дағдарыс­қа әкеп соқты. Әлемдік экономика мен сауда өсімі тоқта­ды. Бұл фактор­лардың барлығы біздің экономи­ка­мызға кері әсерін тигізіп отыр. Осы орайда біз қалыптасқан күрделі ахуал­ға тез бейімделуге және дағ­дарысты еңсеруге септігін тигізе­тін эконо­миканың негізгі драйвер­ле­рін айқындауға тиіспіз, – деді Елбасы.

 Қазақстанның Тұңғыш Президенті мемле­кеттің экономикалық өсімді қалпына келтіру шараларын дер кезінде қабылдаға­нына және маңызына тоқталды.

– Экономикамызды қалпына келтіруде және әрі қарай дамытуда ұлттық әл-ауқат қоры басты рөл атқарады. Қазақстанның барлық негізгі компаниялары осы қордың құрамына кіреді. Қор компанияларының жиынтық активтері 28 трлн теңгені құрай­ды. Бұл – ЖІӨ-нің 40 пайызы. Мұнда 300 мың қызметкер жұмыс істейді. Қиын­дық­тарға қарамастан компания­лар­дың бәрі жұмысын жалғастырып жатыр. Өткен жылғы Қор көрсеткіштерінің өсу қарқыны биылға резерв құруға мүмкіндік бергенін байқап отырмыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жиын барысында Премьер-Министр А.Мамин­нің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының бас­қар­ма төрағасы А.Есімовтің, «Қазмұнай­газ» ұлттық компаниясы» акционерлік қоға­мының басқарма төрағасы А.Айдар­баев­­тың, «Қазақстан темір жолы» ұлт­­тық компаниясы» акционерлік қоғамы­ның бас­қарма төрағасы С.Мыңбаевтың баянда­ма­лары тыңдалды.

Елбасы қор компанияларының тиім­ді­лі­гін әрі қарай арттыру үшін нақты шаралар қабылдаудың маңызын атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстанның Тұңғыш Президенті қор компанияларын жекеше­лен­діру мәселелеріне, сатып алулар және отандық тауар өндірушілерді қолдауда жергілікті үлесті арттыру бойынша қабыл­дан­ып жатқан шараларға тоқталды.

Кеңес қорытындысы бойынша Елбасы «Самұрық-Қазына» басшылығының дағда­рыс­қа қарсы қабылдаған шаралары­ның нәтижесін атап өтіп, бұл тәжірибені басқа да құрылымдарда қолданудың маңызын айтты.

– Қор басшылығы дер кезінде қабыл­даған шараларды қолдаймын және оң бағалаймын. Олар өз тиімділігін көрсетті. Дағдарыс кезінде мемлекет экономиканы қолдау үшін Ұлттық қордан қыруар қаржы бөлді. Алайда осы жағдайда «Самұрық-Қазына», керісінше, Ұлттық қорға 100 млрд теңге бағыттады, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Редакция таңдауы

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

Біреуге ақыл, біреуге ақша керек

Қазір мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Биыл әлемде 4,5 млрд адам интернетке жүгінген. Қазіргі таңда жер бетіндегі халықтың жартысынан...

Арғынбек Шегебай: Facebook қызметкерлері Цукербергке сын айта алады

2004 жылы Гарвард университетінің бір топ студенттері ойлап тапқан Facebook желісін бүгінде күн сайын дүниежүзі бойынша екі миллиард жеті жүз миллионға жуық қолданушы пайдаланады....
Қандас (Оралман) мәртебесін беру немесе ұзарту

Қандас (Оралман) мәртебесін беру немесе ұзартудың оңай жолдары

Бұрынғы «оралман куәлгі» заң жүзінде атауы әлі өзгерген жоқ. Алайда Қоші-қон заңына...

Петропавл көшесінде автобус өртенді

Петропавлда бағыттық автобус өртенді, зардап шеккендер жоқ. Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар...

«Бұзықтығы үшін жаза»: Тәрбиеші балабақшадағы балаларды дәретхана жууға мәжбүрлеген

Ресейдің Томск қаласының прокуратурасы жергілікті балабақшалардың бірінде балаларды еден мен дәретхана жууға...

Қазақстан COVID-пен қарыз алып күреседі

Мәжіліс отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев екі банктен қарыз алу туралы келісімді...

Әлемнің ең дәулетті адамдары: Илон Маск Билл Гейтсті басып озды

SpaceX және Tesla басшысы Илон Маск әлемнің ең дәулетті адамдары тізімінің екінші...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...