Зейнетақы жарнасы екі есе қысқарады – заң жобасы

Сондай-ақ!

Жаңа заң: Көппәтерлі үйлерде темекі шегуге тыйым салынды

АҚШ-тың  Сан-Франциско қаласында көппәтерлі үйлерде темекі және электронды темекі шегуге тыйым салынды. Десе де, каннабис шегуге рұқсат беріліп отыр. Бұл туралы The San Francisco...

Елордада екінші ауысымның оқушылары мектепке бармайды

Елордада екінші ауысымның кезекші тобындағы 0-5 сынып оқушылары мектепке бармайды. «Білім басқармасының шешімімен, 4 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты аяз -23) қала мектептерінің...

Алматы коронавирус бойынша «жасыл аймаққа» кірді

Алматы коронавирус бойынша "жасыл аймаққа" оралды, бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау сайты хабарлады. Порталдың мәліметінше, "жасыл аймаққа" Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Батыс...

Адольф Гитлер сайлауда жеңіске жетті

Саясаткер Адольф Гитлер Уунона (Adolf Hitler Uunona) Оңтүстік Африканың Намибия елінде өткен аймақтық сайлауда жеңіске жетті, деп хабарлайды BBC агенттігі. Аталған сайлауда 85 пайыз дауыс жинаған...

Парламент Мәжілісінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар және көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, – деп жазды ҚазАқпараті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Парламент депутаттары әзірлеген заң жобасы халықтың валюталық ипотекалық қарызы мәселелерін, сонымен бірге төлем қызметтері нарығындағы субъектілердің реттелуін жетілдіру сұрақтарын қамтиды. Тұңғыш Президент 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Жолдауында халықтың валюталық ипотекалық қарызы бойынша нақты шешім қабылдауды тапсырған еді. 2018 жылдың 27 наурызында ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы басталды. Ол 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін 2015 жылдың 18 тамызындағы теңге бағамы бойынша (1 доллар – 188,35 теңге) жеке тұлғаларға берілген ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруды қарастырды», – деді Мәжілістің жалпы отырысында депутат Сергей Симонов.

Оның айтуына қарағанда, валюталық ипотекалық қарыз алушыларды бағдарламамен толыққанды қамтамасыз етіп, келешекте валюта бойынша қауіптерді сейілту үшін заңнамаға бірқатар өзгеріс енгізу көзделген. Ол бойынша банктерге қарыз алушының өтінішінсіз 2015 жылдың 18 тамызындағы бағам бойынша жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарының конвертациясын жүргізу құқығы берілмек.

«Бұл бағыттағы жұмыс қысқа уақыттың ішінде Елбасының тапсырмасын орындауға жол ашады. Төлем қызметтері нарығындағы субъектілерді реттеуді жетілдіру бойынша: 2019 жылдың 2 қыркүйегінде өз Жолдауында Мемлекет басшысы ақшаның жылыстауы мен банктік емес қаржылық ұйымдардың қызметі арқылы шетелге капитал шығару қаупін азайту үшін қосымша шараларды қабылдауды тапсырған еді. Осыған байланысты құқыққа қарсы операцияларды жетілдіру үшін төлем ұйымдарының қызмет мүмкіндіктерін азайтатын өзгерістер жасалды. Нақтырақ айтқанда қолданушының идентификациясы бойынша жаңа талаптар енгізіледі. Белгісіз (анонимді) әмияндар арасындағы аударымдарға тыйым салынады. Операция барысында лимит енгізіледі. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін төлем сервисінің мүмкіндіктері кеңейтіледі», – деді спикер заң жобасының нормаларын түсіндіре отырып.

Ол сонымен бірге төлем ұйымдарының жарғылық капиталының төменгі мөлшерін анықтау бойынша Ұлттық банктің құзіреті артып келе жатқанын атап өтті. Құқыққа қарсы операциялардың үрдістерін қамтамасыз ету бойынша төлем жүйесі операторына міндеттемелер жүктеледі.

«Ұсынылып отырған өзгерістер қолма-қол ақшасыз ақша айналымының ашықтығын арттыруға, ақшаны жылыстату қаупін азайтатын механизм құруға, төлем қызметі тұтынушыларының құқығын қорғауға мүмкіндік береді. Аталмыш заң жобасының аясында Үкімет құрған 2020 жылдың соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша кешенді жоспарды жүзеге асыруға бағытталған өзгерістер енгізіліп отыр. Бұл нормалар ірі инвестициялық жоба аясында заңды тұлғалар үшін заңнамаға өзгерістер енгізілген кезде тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Микроқаржылық қызмет ұсынатын ұйымдардың жұмысына лизензияны енгізу көзделеді. Тұрғын үй жинақ банкінің жұмысын жетілдіріп, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша жұмыс істейтіндердің (яғни фрилансерлердің) зейнетақы жарнасын 10-нан 5 пайызға төмендетуге жол ашады», – деді депутат.

Редакция таңдауы

Қандасымыз мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының ...

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

185 млн теңге пара алған: Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасарының ісі сотқа жолданды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен...

Жаңа заң: Көппәтерлі үйлерде темекі шегуге тыйым салынды

АҚШ-тың  Сан-Франциско қаласында көппәтерлі үйлерде темекі және электронды темекі шегуге тыйым салынды....

Елордада екінші ауысымның оқушылары мектепке бармайды

Елордада екінші ауысымның кезекші тобындағы 0-5 сынып оқушылары мектепке бармайды. «Білім басқармасының шешімімен,...
жасыл аймақ

Алматы коронавирус бойынша «жасыл аймаққа» кірді

Алматы коронавирус бойынша "жасыл аймаққа" оралды, бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау сайты...

Адольф Гитлер сайлауда жеңіске жетті

Саясаткер Адольф Гитлер Уунона (Adolf Hitler Uunona) Оңтүстік Африканың Намибия елінде өткен аймақтық...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...