Күзде коронавирусқа қарсы жаппай егу шаралары басталады
Күзде Ресейде коронавирус инфекциясына қарсы жаппай екпе егу жұмыстары басталуы мүмкін. Бұл туралы Ресей Үкіметі басшысының орынбасары Дмитрий Чернышенко мәлімдеді.
Вице-премьердің айтуынша, ресейлік ғалымдар CoViD-19 індетіне қарсы екпе жасау бағытында еңбектенуде. Жұмыстың нәтижесі көп күттірмеуі мүмкін.
— Вакцина дайындау ісі сәтті аяқталса, күзде жаппай егуге кірісуге болады, - деді Чернышенко.
Вице-премьердің сөзінше, оған дейін ресейліктерге індеттің қауіп-қатерін есепке ала отырып өмір сүруге тура келеді.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлыбритания үкіметі коронавирусқа қарсы вакцина сынақтарын қосымша қаржыландыру үшін
101 миллион доллар бөлгенін хабарлағанбыз.
Сондай-ақ, Қазақстан да
коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеуші елдер қатарына қосылғаны туралы жаздық.