Әуе рейсі қайтадан тоқтатылады – министр

Сондай-ақ!

Президент: «Nur Otan» партиясы ел тағдырына жауапты ең басты саяси күшке айналды

«Nur Otan» партиясы ел тағдырына жауапты ең басты саяси күшке айналды. Бұл туралы партияның кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Партиямыздың кезектен...

Елбасының төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті

Жиында Елбасы соңғы бес жыл ішінде партия өзінің сайлау алдында берген уәделерінің басым бөлігін орындағанын атап өтті, – деп жазды elbasy.kz. – Фракция отырысында «Nur...

Алматыда ағаштардың оталуы: Президент кінәлілерді жазалауды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында...

Президент Қарағандыдағы бірқатар спорт нысанын аралады

Қазақстан Президенті Қарағанды қаласындағы жаңадан салынған теннис орталығының жұмысымен танысты. Орталықта бір мезгілде 650 бала жаттыға алады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  Нысанның инфрақұрылымы әлемнің...

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов коронавируспен ауырғандар көбейген елдерге әуе рейсі қайтадан тоқтатылатынын айтты.

ҚазАқпараттың жазуынша, Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есеп беру брифингінде спикер: «Халықаралық әуе рейстерін жандандыру жұмыстарын біз ғана атқармаймыз. Мұнда Денсаулық сақтау министрлігі өз желісі бойынша жұмыс істеуде, себебі тиісті тексерулерден өтіп, ұшуға рұқсат алу үшін бірнеше процедура жүргізу керек. ҚР Сыртқы істер министрлігі де еңбек етіп жатыр. Бұрын визасыз ұша беретін елдер виза мен рұқсаттаманы міндеттеп қойған. Осылайша, әріптестермен кешенді жұмыс жүргізіп жатырмыз», – деп атап өтті.

Оның айтуынша, коронавирус пандемиясына қатысты жағдай тұрақталған бірнеше елдің авиациялық билігімен рейстерді қалпына келтіру мәселелері талқыланып жатыр.

«Бізге шет елдердегі кейбір шектеулер мен тыйымдарды алғызу керек. Сонымен бірге, бас санитарлық дәрігер аталған елдердегі жағдайды міндетті түрде бақылауға алады. Рұқсат берілген елдерде эпидемиологиялық жағдай қиындаса, ұшуды жедел тоқтатуға мәжбүр боламыз. Бұл – рейстерді жандандыру бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің міндетті талабы», – деп түсіндірді министр.

Сонымен бірге, министр Нью-Йорк пен Сингапурға әуе рейстерін ашу жоспарының Ведомствоаралық комиссияның келесі отырысында қаралатынын айтты.

Бұған дейін министр Қазақстанда халықаралық рейстердің кезең-кезеңімен ашылатынын айтып, рұқсат берілген алғашқы мемлекеттер тізімін жариялады. Сондай-ақ, әуе компанияларының билет құнын айыппұлсыз, толық қайтаруға міндетті екенін жеткізді.

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

«Үй алып берем» деп ақша алыпты

Мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып беруге уәде еткен алаяқ әйел ұсталды, деп...

Ұрланған 464 телефон табылды

Алматы қаласында полиция қызметкерлері жеке үйлерді тінту барысында ұрланған 464 мобилді құрылғыны...

Коронавируспен ауырған бір науқасты емдеуге неше теңге керек?

Коронавируспен ауырған бір науқасты  емдеу үшін 465 мың теңгеден 900 мың теңгеге...

Қомақты қаржы жымқырған: Энергетика министрлігі мен облыс әкімдіктеріндегі бірнеше шенеунік тергелуде

«Antikor ortalygy» алаңында Нұр-сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы...

Отандық PR жөнінде онлайн декада

23-27 қараша аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...