Дүниежүзі қазақтары Алматыда бас қосты – «Eр Жәнібек кубогы»

Алматыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Зуқа батыр Cәбитұлының 150 жылдығына  aрналған «Eр Жәнібек кубогы» үшін шағын футболдан халықаралық турнир өтті. Турнирде Франция, Түркия, Қытай, Ресей, Моңғолия, Иран, Өзбекстан елдерінде тұратын қазақ жастарынан құралған 12 команда мен Қазақстаның әр өңірінен жасақталған 12 футбол командалары бақ сынады.  

Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған шағын футболдан өткен халықаралық турнирдің мақсаты ‒ әлемнің 40 дан астам елінде өмір сүріп жатқан қазақ жастарының басын қосу, бір-бірімен таныстыру, Тәуелсіз ел, ата-жұрты Қазақстанмен қауыштыру. «Әлемнің 40-тан астам елінде қазақтар тұрады. «Ер Жәнібек» қоры шетелде тұратын қазақ жастарынан құралған футбол командаларын елге шақырып турнир өткізіп жатыр. Шетелдегі қазақтарға Қазақстан деген отандарының бар екенін ұғындырып, әрқашанда олардың кеудесін тік көтеріп, «Мен – Қазақпын!» деп рухты жүрулері үшін осындай шара ұйымдастырылды», ‒ дейді Дүниежүзі Қазақтары қауымдастығы төралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев. Ал, Францяда тұратын қазақ жастарынан құралған «Parij Kazak Sport» командасын бастап келген кәсіпкер Тәбәрак Догу: «Еуропадағы қазақ жастарының көбі ана тілінде сөйлей алмайды. Сол мақсатта Францияда тұрып жатқан қазақтардың балаларына ата-жұртын көрсетіп, осындағы өз қатарлы жастарымен танысуы үшін халықаралық турнирге бастап келдік», ‒ дейді.

Футбол жарысына қатысқан 24 команданың үздіктерін іріктеу төрешілерге де оңайға түскен жоқ. «Eр Жәнібек кубогын» сарапақа салған сайысқа төрелік еткен Болат Жахин, Алмас Аббасовтардың шешімімен жеңімпаз команда ‒ Қытайдан келген бес команданың бірі, бірініші кезекті жарыстың жеңімпазы «Мұзтау» командасы кубогін қорғап қалды. Екінші орынды қазақстандық жастардан құралған  «Бірлік-Кереуен» командасы, үшінші орынды Ресейдің Омбы қаласынан келген «Намыс» командасы, төртінші орынды Алматылық «Saing tex» командасы қанжығасына байлады. «Қазақстанды ата-жұртымыз ретінде сағынып, аңсап келеміз. Бұл жақта туыс-туғандарымыз, дос-жарандарымыз тұрады. Бізде болашағымызды ‒ Қазақстанмен тығыз байланыстырамыз. Міне, жарты жылдай дайындалған спорттық шараға келіп қатысып былтыр ұтып алған кубогті қайтып алып бара жатырмыз. Барлық ұйымдастырушыларға командамыздың атынан алғас білдіреміз», ‒ дейді «Мұзтау» командасының капитаны Серік Сарқытбайұлы. Сондай-ақ, тартысты бәсекеде әр командадан үздік ойын көрсетікен спортшылар төрт номинация бойынша марапатталды. «Үздік қорғаушы» аталымын Қытайдан келген «Мұзтау» командасының ойыншысы Әділ Асан иеленсе,  халықаралық турнирде Ресейдің Омбы қаласынан келген Данияр Тоқпанов ‒ «Үздік шабуылшы» атанды. Ал екі күнге созылған сайыста Алматылық  «Бірлік-Кереуен» командасының ойыншысы  Талғат Ғабиназар «Сұрмерген», Қытайдан келген «Үштас» командасыынң ойыншысы Қасымжан Мұхтаржан «Үздік қақпашы» номинациясын жеңіп алды. «Обмыда 100 мың қазақ тұрады. Біз диаспора емес, Омбының байырғы қазақтарымыз. Арқа сүйеріміз Қазақстан, Тәуелсіз еліміздегі әрбір ұлтқа жанашыр батыр азаматтар», ‒ дейді Омбы қаласынан «Намыс» командасын бастап келген Алтынай Жүнісова.

KMS_8432 KMS_8302 KMS_8279 KMS_8260 KMS_8645 KMS_8658 KMS_8637

Фотосуреттерді Мақсат Құсайынов түсірген

 

Back to top button