Талғар өзенінде балық неге қырылды – Қазгидромет сынама нәтижесін айтты

Сондай-ақ!

Кондолиза Райс Елбасын Джордж Вашингтонмен теңестірді

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шетелдік мемлекеттер басшыларынан, экс-президенттерден, бұрынғы үкімет басшылары мен саяси қайраткерлерден, алыс-жақын шет елдердің...

Хоккей: бүгін «Барыс» Ресейдің «Сочи» командасын қабылдайды

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін, 1 желтоқсанда елордада Ресейдің «Сочи» командасын қабылдайды. Ойын елорда уақытымен сағат 17.00-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі команда бұған...

Түркістан әуежайына алғашқы ұшақ келіп қонды

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай отандық лоукостер Fly Arystan компаниясының Түркістан мен Нұр-Сұлтан қалалары арасындағы тұрақты рейсі ашылды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық...

Саунада мақтанған судья қызметінен кетті (видео)

Әлеуметтік желілерде саунада демалып отырған судья мен прокурордың видеосы тараған болатын. Жазба авторы карантин кезінде Алматы облысының прокуратурасы мен аудандық сот қызметкерлерінің саунада демалып...

Қазгидромет РМК Алматы облысы Талғар өзенінде балық қырылған өзен суының қорытынды талдауын жариялады, – деп жазды ҚазАқпарат.

БАҚ-та және «Facebook» желісінде Алматы облысы Базаркелді ауылы жанындағы Талғар өзенінде балықтардың қырылуы мен судың қараюы туралы таралған бейнеақпарат бойынша 27 мамырда «Қазгидромет» РМК қалалық филиалы зертханасының мамандары 3 нүктеде жоспардан тыс су сынамаларын алды.

«Судағы оттегі тұтынуының биохимиялық талдауы 5 тәулік бойы қалыпты мөлшерде болған (0,8-1,0 мг/дм3). Бірінші талдау нәтижелері бойынша су температурасы 25,1-26,4 ºC болған. Сутегі көрсеткіші 8,1-8,2, суда ерітілген оттегінің шоғырлануы қалыпты мөлшерде және 7,4-7,7 мг/дм3 диапазонында, түсі – 6-7 градус, мөлдірлігі – 20 см, иісі – 1 балл, табиғи суға тән емес иіс (қи иісі) сезіледі», – деп мәлім етті «Қазгидромет» РМК.

Яғни су құрамында улы химиялық заттар жоқ. Еске сала кетсек, осыған дейін жергілікті тұрғындар Талғар өзенінде балықтар қырылып жтатқанын айтып дабыл қаққан. Экологиялық белсенді Ольга Гумирова видеоны Facebook парақшасында жариялады.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман және мал шаруашылығы комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтің айтуынша, 27 мамырда Алматы облысы Қапшағай қаласы территориалдық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары оқиға орнына барып, тексеру жүргізген.

Одан бөлек судың сапасын анықтау үшін «Казгидромет» РМК қызметкерлері зертханалық сынама алды. Осыған ұқсас оқиға Алматыда 26 наурызда болған еді. 28 панфиловшылар паркінде 20-30 кептер қырылып қалған. Қала тұрғындары құстар дезинфекциялық заттардан уланды деген болжам айтты. Алайда, Ұлттық референттік орталық мамандары олардың өліміне қатысты шығарған қорытындыда химиялық улануды жоққа шығарды.

«Құс тұмауы, Ньюкасл індеті, орбитоз, хламидиоз, пастериоз сияқты инфекциялық аурулар жоқ екендігі анықталды. Құстардың ағзасынан ауыр металл тұздары, хлор табылмады», – деді орталық мамандары.

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Әйгілі Discover Earth парақшасында Бозжыра шатқалының суреті жарияланды

Дүниежүзі бойынша табиғаты көз тартар жерлер жарияланатын Discover Earth-тың Instagram желісіндегі парақшасында...

Кондолиза Райс Елбасын Джордж Вашингтонмен теңестірді

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шетелдік...

Хоккей: бүгін «Барыс» Ресейдің «Сочи» командасын қабылдайды

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін, 1 желтоқсанда елордада Ресейдің «Сочи» командасын қабылдайды. Ойын...

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Ақорданың хабарлауынша, Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтап, еліміздің...

Түркістан әуежайына алғашқы ұшақ келіп қонды

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай отандық лоукостер Fly Arystan компаниясының Түркістан мен...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...