1 Маусым, 20:49 342 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Балалар үйі Қолдау орталықтарына айналады

Қазақстанда Балалар үйлері Қолдау орталықтарына айналады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов фейсбук-парақшасында жазды.

Министрдің дерегінше, 10 жыл ішінде, нақты айтқанда, 2010 - 2020 жылдары балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің саны 70 пайызға, 14 052 адамнан 4193-ке дейін қысқарды. Ал балалар үйінің желісі 210-нан 101-ге дейін, яғни 52 пайызға азайып отыр. Ал соңғы 4 жыл ішінде балалар үйі тәрбиеленушілерінің саны 42 пайызға, 7 236 адамнан 4 193-ке кеміді. Балалар үйінің желісі 140-тан 101-ге, яғни 28 пайызға қысқарды.

«Айта кетерлігі, Балалар үйлері Қолдау орталықтарына айналады. Бұл жұмысқа азаматтық қоғам белсене атсалысуда. «Тәлімгерлер» мен «Аналар үйі» сияқты жобаларды да ерекше атап өткім келеді. Десе де түйткілді мәселелер бойынша жұмыс әлі де жүргізіліп жатыр«, - деді Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар ол мемлекетімізде білім алу құқығына баса назар аударылатындығын, қазір елімізде 5 миллион баланы қамтитын 20 мың білім беру ұйымы жұмыс істеп жатқанын атап өтеді.

Соңғы жаңалықтар