Жаңалықтар

Қырғыз-өзбек қақтығысы шекарадағы суға таластан басталған

Қырғыз-өзбек қақтығысы шекарадағы суға таластан басталған

31 мамырда Қырғызстанның Баткен облысында Өзбекстанмен шекаралас аумақта 10 адам арасында қақтығыс болды. Қырғызстанның Чечме ауылы мен Өзбекстанның Чашма ауылы тұрғындарының арасында дау шықты, ­– деп хабарлайды АКИpress.

Басылымның мәліметінше, бұл қақтығысқа екі ауыл тұрғындары Чечме ауылындағы су көзі себеп болған. Тараптардың бірі су көзі өздеріне тиесілі екенін айтып, нәтижесінде дау шығып, қақтығысқа ұласқан. Оқиға орнына жергілікті билік өкілдері келіп, қақтығысты тоқтату үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізген.