Жаңалықтар

Президент балаларды төл мерекесімен құттықтады

Президент балаларды төл мерекесімен құттықтады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық бүлдіршіндерді төл мерекесімен құттықтады.

«Барша қазақстандықтарды Балаларды қорғаудың халықаралық күнімен құттықтаймын. Бұл – өскелең ұрпақтың амандығына, денсаулығы мен қауіпсіздігіне аға буын жауапты екенін еске салатын мереке. Еліміздегі әр бала мейірімге бөленіп, балалық шағын бақытты әрі қызықты өткізуге қақылы», – делінген Мемлекет басшысының Twitter-дегі жазбасында.