Елордада көпқабатты үйден өрт шықты

Елордада көпқабатты үйден өрт шықты

Елордада көпқабатты үйден өрт шықты
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті елордада көпқабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы мәлімет таратты.  «Сағат 17-08-де өрт сөндіру бөлімшесі Майлин көшесі 9 мекенжайы бойынша оқиға орнына аттанды. Оқиға орнына жеткен кезде пәтерде үй мүлкі, балкон және бөлме өртеніп жатқаны анықталды. Сәл уақыттан кейін өрт көрші пәтерге таралып, оны да балконы өртенді», – деді департамент. Ведомство мәліметінше, қызыл жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыған. Сағат 17-30-жа өрттің алды алынып, сағат 17-44-те толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.