Алматыда балабақшалардың ашылуы: ата-аналарға қандай талап қойылады?

Алматыда балабақшалардың ашылуы: ата-аналарға қандай талап қойылады?

Алматыда балабақшалардың ашылуы: ата-аналарға қандай талап қойылады?
ашық дереккөзі
1 маусымнан бастап Алматы қаласындағы балабақшаларда кезекші топтар жұмыс істей бастайды.  Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, балабақшалардың карантин кезінде талапқа сай жұмыс істеуін қадағалау үшін құрамына эпидемиолог-мамандар, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері, аудандық әкімдіктер мен «Nur Otan» партиясының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірген 9 мониторингтік топ құрылған. Бүгінде мониторингтік топ мүшелері мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекші топтардың дайындығын тексеріп жатыр. Балабақшалар дайындық актісін алғаннан кейін ғана балаларды қабылдай алады. Жұмысын бастайтын балабақшалар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауға міндеттеледі. Атап айтқанда: - балаларды кезекші топтарға учаскелік педиатрдың денсаулығы туралы берген анықтамасымен қабылдау, одан кейін бала 3 жұмыс күнінен артық болмаған жағдайда тексеріп қабылдау; - баланы мектепке дейінгі ұйымдарға мына санаттағы тұлғалардың әкелуіне болмайды: соңғы 14 күнде коронавирус жағдайлары тіркелген шет елдерден және өңірлерден келген тұлғалар, жүкті әйелдер, 65 жастан асқан тұлғалар, өткір респираторлық ауру белгілері байқалған тұлғалар; - қызметкерлерді жұмысқа COVID-19-ға (ПТР, күні 7 күннен кешіктірілмеген) зертханалық зерттеудің теріс нәтижесі болуы ұсынылады. Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы балабақшалар 1 маусымнан бастап қалыпты режимде жұмыс істейтінін хабарлағанбыз.