Полиция қызметкерлері карантин кезінде тойханада көңіл көтерген (видео)
Полиция қызметкерлері карантин кезінде тойханада көңіл көтерген (видео)
Әлеуметтік желілерде карантин шектеулеріне қарамастан Жетісайдағы тойханада көңілді бас қосу ұйымдастырғандардың видеосы тарады.
Осыған байланысты Түркістан облыстық полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды Қазақпарат.
Желі оқырмандары көңілді отырыстың көркін қыздырушылардың арасында Түркістан облысындағы құзырлы орган өкілдері мен Шымкент қаласының полиция департаменті қызметкерлері бар екенін жарыса жазған.
Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова отырыстың биыл 24 мамыр күні болғанын растады. Оның сөзінше, осы таратылған видеоға байланысты Жетісай аудандық ПБ арнайы тексеру шараларын жүргізген.
Соның нәтижесінде отырыстың Жетісай қаласындағы мейрамханалардың бірінде өткені белгілі болды. Шымкент қалалық полиция департаменті қазіргі уақытта осы видеоға қатысты тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын мәлім етті.
https://www.youtube.com/watch?v=jFFxpdvgKHc&feature=emb_logo