ШҚО-да АН-2 ұшағы өртенді

ШҚО-да АН-2 ұшағы өртенді

ШҚО-да АН-2 ұшағы өртенді
ашық дереккөзі
Семей - Үржар бағытындағы АН-2 ұшағы әуежайға қонғаннан кейін өртенді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.  «Бүгін сағат 15:31-де қонғаннан кейін «Тараз Жаңа Әлем» жеке әуе компаниясының АН-2 ұшағы тұтанды. Әуе кемесі Семей - Үржар бағыты бойынша TJA5221 санитарлық рейсін орындады. Ұшақ 15:25-те қонды. Өрт ұшақ жерге қонғаннан кейін орын алды, әуе кемесінің бортында адамдар болған жоқ. Сағат 15:50-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», делінген хабарламада. Аталған факті бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғаларды тексеру басқармасы оқиға тергеуін бастады.